Ембі мұнайшылары Елбасының қолынан марапат алды (ФОТО)

Ембі мұнайшылары Елбасының қолынан марапат алды (ФОТО)

09 желтоқсан, 14:41 337 Атырау облысы

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мұнай-газ саласындағы «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің үлесін жоғары бағалады. Оның Атырауға сапары барысында байырғы мұнай компаниясының үш өкілі мемлекеттік марапатқа ие болды, деп хабарлайды BNews.kz

7 желтоқсанда Елбасы Қашаған кенішін салтанатты түрде іске қосу рәсіміне қатысу үшін Атырауға келді. Қазақстан үшін онжылдықтың ірі оқиғасы аясында Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының мұнайшыларына марапатты өз қолымен табыс етті.

«ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында облыс пен еліміздің игілігі үшін еңбек етіп жатқан жандарды атап өткім келеді», - деді марапаттарды табыстаған Президент.

Мемлекет басшысы «Ембімұнайгаздың» үш қызметкерін мемлекеттік сыйлықпен марапаттады. Олар: «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев, «Доссормұнайгаз» МГӨБ мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор Жақсыгерей Құбашев, «Доссормұнайгаз» МГӨБ қабат қысымын ұстау шебері Қарлыға Алтыналиева. Бұл адамдар  – «Ембімұнайгаз» АҚ-ның лайықты мақтанышы.

Мұнай-газ саласын дамытуға қосқан салмақты үлесі үшін компания басшысының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев «Құрмет» орденімен марапатталды. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құрманғазы Орынғазыұлы мұнай саласында 30 жылдан бері еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Балықшы барлау бұрғылау басқармасында (БУРБ) ұңғыманы цементтеу жөніндегі операторлықтан бастап, басшылық лауазымға дейін көтерілді. 1991 жылдан бастап еңбек мансабын геолог болып жалғастырды, бес жылдан кейін Атырау ұңғымаларды күрделі жөндеу және мұнай қабаттарының өнімділігін арттыру басқармасының бас геологы болып тағайындалды. Содан кейін «Ембімұнайгаз» ААҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрылымдарында басшы лауазымдарын атқарды. 2015 жылдың қаңтарынан бастап – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы), 2015 жылдың қыркүйегінен бастап «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы), ЕМГ Басқарма төрағасының қызметін атқаратын бас директордың бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Есқазиевтің жаңа технологияларды енгізу және өндіріс тиімділігін арттыру бойынша мол тәжірибесі бар. Оның басшылық етуімен компанияда 2015 жылы жаңа жобалар: УАЗ кенішінде «Интеллектуалды кен орны», дуалды оқыту жүйесін енгізу жөніндегі пилотты жоба ойдағыдай жүзеге асты. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (2006 ж.), «Қазақстан Республикасы  көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмысы үшін  ғылым мен техника саласындағы Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері (2015) болып табылады. Қ.Есқазиев Қазақстан кен орындары, оның ішінде Теңіз, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Исатай және басқа кеніштер бойынша геологиялық-техникалық талдау жасау бойынша дүние жүзінің ірі мұнай-газ компанияларымен жасалған келіссөздерге белсене қатысты. Айта кету керек, Қашаған кеніші бойынша да еңбегі зор.

Есқазиевтың Қазақстанның мұнай саласын дамытуға қосқан үлесі бұдан бұрын да көптеген айрықша белгілермен бағаланды. Ол сонымен қатар, «ҚР жер қойнауын Құрметті барлаушы» және Атырау облысының Құрметті азаматы .

Үкімет, сондай-ақ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы Жақсыгерей Құбашевтың еңбегін жоғары бағалап, 3-дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапаттады. Құбашев мұнай саласында 40 жылдан бері еңбек етіп келеді. Еңбек жолын 1973 жылы «Доссорнефть» МГӨБ Қарсақ аудандық инженерлік-технологиялық қызметтің (РИТС) мұнай өндіру жөніндегі операторы болып бастаған. 1977 жылдан бастап күні бүгінге дейін Қарсақ кенішінде мұнай және газ өндіру цехында 2-ші біліктілік санатын 5-ші санатқа дейін арттырып, мұнай өндіру операторы болып адал еңбек етіп келеді. Ұзақ жылдар бойына риясыз еңбек еткені үшін өз басшылығы мен ҚР Энергетика министрлігі әлденеше рет марапаттады.

ЕМГ тарихында осынау ауыр да қиын жұмыста әріптес ер адамдармен бәсекеге түскен мұнайшы әйелдер де аз емес. Осындай еңбегі үшін Қарлыға Алтыналиева 3-дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Ол мұнай саласына 34 жылын арнаған. 1977 жылы «Доссорнефть» МГӨБ аудандық инженерлік-технологиялық қызметте өлшеуші болып еңбек жолын бастаған. 1980 жылдан бастап аудандық инженерлік-технологиялық қызметте ұңғымаларды зерттеу бойынша оператор, ұңғымаларды зерттеу операторы, «Доссорнефть» МГӨБ қабат қысымын ұстаушы операторы болып жұмыс істеді. 1998 жылдан бастап «Доссормұнайгаз» МГӨБ қабаттық қысымды ұстау шебері болып еңбек етуде. Атқарған еңбегі үшін ол құрмет грамоталарымен және үздік белгілермен әлденеше марапатталған.

Көп жыл бұрын басты корпоративтік құндылық - адам ресурстары деп мәлімдеген «Ембімұнайгаз» компаниясы өзінің дұрыс бағытты таңдағанына көз жеткізді. ЕМГ-дегі майталман мамандар алған марапат – бұл мұнай өндіру тарихында аңызға айналған бүкіл ұжымның марапаты.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «»