Гиннестің рекордтар кітабы Головкинді үздік «панчер» ретінде мойындады

Гиннестің рекордтар кітабы Головкинді үздік «панчер» ретінде мойындады

13 желтоқсан, 11:59 425
Гиннестің рекордтар кітабы Головкинді үздік «панчер» ретінде мойындады

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Вnews.kz. Бұл туралы боксшының өзі Твиттердегі парақшасында жазды.

Головкин бұл құрметке нокауттар саны жағынан ең жоғары пайызды көрсеткені үшін ие болып отыр. Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы 36 жекпе-жек өткізіп, оның 33-ін нокаутпен ұтты. Сондай-ақ қатарынан 23 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша Головкин нокаутпен аяқтаған жекпе-жектердің көрсеткіші 91,67 пайызға теңесті. Қазіргі таңда бұл орта салмақтағы әлем чемпиондары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.

 

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Геннадий Головкин»