Халықты жұмыспен қамту орталығы 150-ден астам ұйыммен ниет хаттамасын жасасты
mod kz

Халықты жұмыспен қамту орталығы 150-ден астам ұйыммен ниет хаттамасын жасасты

17 ақпан, 10:50 123 Астана
Халықты жұмыспен қамту орталығы 150-ден астам ұйыммен ниет хаттамасын жасасты

«Елордадағы қауіпсіздік және жайлылық» жобасы бойынша кешенді жоспары аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіледі. Жоба ҚР Бас прокуратурасымен және Астана қаласының әкімдігімен бекітілген, деп хабарлайды BNews.kz.

«Осыған байланысты Астананың халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің саны 50 адамнан асатын 150-ден астам ұйыммен ниет хаттамасын жасасты. Бүгінгі күнде 947 ұйымның ішінен 518-і квотаны орындау туралы хабарлама алды»,-деп хабарлайды astana.gov.kz.

Еске салайық, жаңа ережеге сәйкес, елордалық жұмыс берушілерге қызметкерлер санына байланысты мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жұмыс орындарына квота, пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмай ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квоталар бекітілген.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астананың халықты жұмыспен қамту орталығымен мүмкіндігі шектеулі 20 адам жұмысқа орналастырылды

тақырыпты жалғастыруға «»