Иранмен қарым-қатынасымыз санкциялар кезінде де үзілген жоқ – Н.Назарбаев
mod kz

Иранмен қарым-қатынасымыз санкциялар кезінде де үзілген жоқ – Н.Назарбаев

22 желтоқсан, 16:36 184 Астана
Иранмен қарым-қатынасымыз санкциялар кезінде де үзілген жоқ – Н.Назарбаев

Бүгін Ақордада бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен келіссөздер жүргізді. Сосын мемлекет басшылары баспасөз өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BNews.kz.

 

 

«Ең алдымен Иран мемлекетінің басшысы, қадірменді Хасан Рухани мырзаға делегацияны басқарып, Қазақстанға қош келдіңіз деймін. Бұл Иран басшысының Қазақстанға екінші рет келуі. Мен биылғы сәуір айында ресми сапар жасадым. Сол кезде біз кездесіп, көп мәселені шештік. Бүгінгі жүздесу сол кездесудің жалғасы және екі елдің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жоғары сапаға көтерді деп санаймыз. Иран мұсылман елдері арасында Қазақстанның тәуелсіздігін қолдаған ең алғашқы елдердің бірі. Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздігін жарияласа, 1992 жылдың 29 қаңтарында екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Оған да мінекей 25 жыл болады. Бұл екі мемлекет арасындағы достық қатынастың жарқын көрінісі», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев осы ширек ғасыр ішінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас өте қарқынды дамығанын атап өтті. Ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша жұмыс істелген.

«Тегеран Қазақстанның сыртқы істер саяси бастамаларының барлығына қолдау көрсетіп келеді. Біз ешқашан, тіпті Иран төңірегінде санкциялар болып жатқан кезде де байланысымызды үзген жоқпыз. Ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздердің екі кезеңін Алматыда өткізіп, қолымыздан келгенше көмегімізді бердік», – деп толықтырды Президент.

Елбасы сондай-ақ Қазақстан мен Иран көлік әлеуетін бірлесе пайдалануы қажет екенінін айтты.

«Рухани мырзамен бірге бүгін екіжақты қарым-қатынасты тереңдету жолдарын талқыладық. Қазақ-иран диалогы аясында қарым-қатынасымыз кеңейіп, жүйелі түрге түсіп келе жатыр. Басты мақсатымыз – екі халықтың достық қарым-қатынасын одан ары нығайту. Келіссөздер барысында сауда-экономика, инвестиция, әріптестікті нығайту жолдарына баса назар аудардық. Өздеріңіз білетін Қазақстан-Түрікменстан-Иран темір жолы өңірдегі тиімді көлік коммуникациясы болып саналады. Тек қана Қазақстаннан Иранға емес, Парсы шығанағына шығып, сол өңірдегі мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынас жасауға мүмкіншілік береді. Иран аумағында астық және контейнер терминалдарын бірлесіп салу жұмыстары қолға алынып жатыр», – дейді Н.Назарбаев.

тақырыпты жалғастыруға «Елбасы»