И.Тасмағамбетов: Халық үшін тәуелсіз болу - мың бақыт

И.Тасмағамбетов: Халық үшін тәуелсіз болу - мың бақыт

15 желтоқсан, 18:17 327 Астана
И.Тасмағамбетов: Халық үшін тәуелсіз болу - мың бақыт

Бүгін Астанада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Онда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлеп, Тәуелсіздік туралы өз ой-толғамын ерекше тебіреніспен жеткізді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Иә, адам үшін алаңсыз өмір бір бақыт болса, халық үшін тәуелсіз болу – мың бақыт! Ал «бақыт» дегеніміз орындалған ақ арман. Ашығын айту керек. Бұл жолғы бақ – біздің маңдайымызға бұрын-соңды қонбаған бақ. Оған осынау сайын даламыздың көзі, әз аталарымыздың сөзі, ақбас тарихтың өзі куә. Өз алдына ел боламын деген халқымыздың сонау Түркі қағанатынан жалғасқан 15 ғасырлық тамыры, 1500 жылдық ғұмыры куә», - деп атады Иманғали Тасмағамбетов.

И.Тасмағамбетов VI ғасырдағы Көк түркілер заманынан бері Ұлы Далада ізі қалған қағанаттар мен хандықтарды 128 қаған мен хан билегенін айта келе, олардың ешқайсысы елінің шекарасын шегелей алмағанын айтты.

«Ешқайсысы еліне қауіп төнбейтіндей етіп, бәрімен келісім жасай алған жоқ. Ешқайсысы елінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заман орнатып, татулыққа ұйыта алған жоқ. Ешқайсысы мемлекетін әлемнің алты құрлығына бірдей мойындата алған жоқ. Ешқайсысы барша адамзат баласын ымыраға шақырып, келісім сөзін жүргізе алған жоқ. Ешқайсысы ешқашан мызғымас астанасын сала алған жоқ. Ал, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осының бәрін бір өзі жасады», - деді вице-премьер Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Тәуелсіздікке 25 жыл»