Қайырымдылық шарасынан түскен қаржыға науқас балаларға жаңа жылдық сый жасалады

Қайырымдылық шарасынан түскен қаржыға науқас балаларға жаңа жылдық сый жасалады

23 желтоқсан, 12:23 166 Ақмола облысы
Қайырымдылық шарасынан түскен қаржыға науқас балаларға жаңа жылдық сый жасалады

Көкшетауда  «Оқжетпес»  футбол клубы мен  «Болашақ» балалар қорының бірлесіп ұйымдастыруымен қайырымдылық аукционы өтті, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

 

 

 

Аукционға «Оқжетпес» футбол командасының жанкүйерлері қатысып, онда спортшылардың  футболкалары,  қақпашының  қолғабы, қолтаңбасы, доп және  футбол кездесулері   күнтізбесі   сияқты  заттары аукционға шығарылып, он екі лот  ойнатылды. Аукцион шарты бойынша затты жоғары баға белгілеген адам алады.

«Мұндай қайырымдылық аукционы «Оқжетпес» футбол командасымен бірге екінші жыл ұйымдастырылып отыр. Шара барысында түскен қаржыға денсаулықтары нашар  және туберкулез ауруына шалдыққан балаларға жаңа жылдық сыйлықтар алынып, тапсырылады», – дейді «Болашақ» балалар қорының төрайымы Айгүл Әмірова.

тақырыпты жалғастыруға «қайырымдылық»