Қайрат Нұртас, Баландин және Ниязымбетов «Дарын» сыйлығына ие болды

Қайрат Нұртас, Баландин және Ниязымбетов «Дарын» сыйлығына ие болды

08 желтоқсан, 18:32 106 Астана
Қайрат Нұртас, Баландин және Ниязымбетов «Дарын» сыйлығына ие болды

Бүгін Астанада өнер, спорт, ғылым, журналистика, кино және театр саласында көзге түсіп жүрген еліміздің бір топ талантты жастары мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығына ие болды. Жеңімпаздарды Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев марапаттады, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Биылғы «Дарын» сыйлығын табыстау Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Осы уақытқа дейін 200-ден астам адам марапатталып үлгерді. Олардың қатарында Серік Сәпиев, Ольга Шишигина, Данияр Елеусінов секілді спортшыларымыз, Қыдырәлі Болманов, «Музарт», «Жігіттер» тобы т.б азаматтар бар. Бұл жолғы сыйлыққа ие болғандар да өте талантты жастар», - дейді министр Н.Ермекбаев.

Сыйлыққа ие болғандардың қатарында тележурналист Нұрсұлтан Құрман, «Қазақ аруы» Кәмшат Қоскелова, айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, боксшы Əділбек Ниязымбетов, актер Асылхан Төлепов, әнші Əли Оқапов, Қайрат Нұртас, тележурналист Ирина Тен, ақын Олжас Қасым т.б талантты жастар бар.

Айта кетсек, «Дарын» мемлекеттік сыйлығы – ҚР Үкіметінің дарынды жастарға берілетін мемлекеттік сыйлығы. Ол 1993 жылдан бастап жасы 35-тен аспаған, қоғамдық-әлеуметтік, мәдени қызметтерімен халыққа танылған дарынды жастарға 2 жылда бір рет (ғылым, архитектура, өнер, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы салалары бойынша) беріліп келеді.

Мақсаты – қазақстандық жастардың ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметіне мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсету, олардың шығармашылық ізденістеріне, қоғамдық бастамаларына және тұлғалық қалыптасуына кеңінен мүмкіндіктер ашу.

 

тақырыпты жалғастыруға «»