Кәсiптiк және техникалық бiлiм беру саласына өзгерiстер енгiзу қажет – депутат
mod kz

Кәсiптiк және техникалық бiлiм беру саласына өзгерiстер енгiзу қажет – депутат

20 желтоқсан, 19:11 207 Астана
Кәсiптiк және техникалық бiлiм беру саласына өзгерiстер енгiзу қажет – депутат

Елiмiзде кәсiптiк және техникалық бiлiм беру саласына өзгерiстер енгiзу қажет. Бұл туралы Мәжiлiс депутаты Бақытгүл Хаменова «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан 2021: Бiрлiк. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Бiлiм» бағыты жөнiндегi отырысынан кейiн берген сұхбатында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бүгiнгi күнi талапқа сай 807 колледждiң iшiнен 10 колледж iрiктелiп алынды. Олар ИИДМБ шеңберiнде әр өңiрде жұмысшы мамандарды дайындайды. Әрине, барлық колледждерде кәсiпорындар мен студенттер арасында байланыс әлi де болса нақты жолға қойылмай жатыр. Сондай-ақ, зертханалармен жабдықтау мәселелерi шешiлуi тиiс. Былтыр да, биыл да айтарлықтай қаражат бөлiнбеген. Дуалды оқыту жүйесi, студенттердiң жұмыспен қамтылуы мәселелерiн шешу керек. Бiлiм туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн болсақ, кәсiптiк және техникалық бiлiм беру саласына енгiзетiн жайттар бар», - дедi мәжiлiсмен.

Ал ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Бибiгүл Асылованың айтуынша, 10 базалық колледжде байланыс, телекоммуникация, ақпараттық технологиялар, энергетика, мұнайгаз және химия өндiрiсi сияқты сұранысқа ие мамандықтар оқытылып жатыр. Қазiргi таңда мемлекеттiк тапсырыс бойынша 475 адам бiлiм алуда. Алғашқы түлектер 2019 жылы оқуын бiтiредi.

тақырыпты жалғастыруға «білім беру»