Қазақстан – ресейліктер үшін танымал курорттардың бірі

Қазақстан – ресейліктер үшін танымал курорттардың бірі

14 желтоқсан, 09:27 262
Қазақстан – ресейліктер үшін танымал курорттардың бірі

Ресейдегі шетелге шығатын туризмнің сараптамасына сәйкес, 2016 жылдың 1 қыңтарынан бастап 30 қыркүйегіне дейінгі аралықта Қазақстан үздік 3 елдің қатарына енді, деп хабарлайды  BNews.kz.

 

 

 

 

РФ Мемлекеттік статистика федаралдық қызметінің деректеріне сәйкес, 2016 жылдың 9 айында Ресейден шекара асып дем алуға шығатын туризм 6,1% – 25 млн 780 мыңға қысқарған. Себебі, 2015 жылдың осы уақыт аралығында бұл көрсеткіш 27 млн 459 мың болған.

Ресей халқы Абхазия, Қазақстан, Финляндия, Украина, Қытай, Эстония, Польша, Германия, Грекия және Кипр сынды шетелдерге жиі шыққан.

Ал, биылғы жылдың 9 айында Қазақстанға Ресейден 2 млн 248 мың турист келген. Сөйтіп, еліміздің туризм саласын ұнататын ресейліктердің саны артып, Қазақстан 3-орыннан 2-орынға көтерілді.

Ресей халқы демалысын өткізуге шығатын үздік 10 ел:

  1. Абхазия, 3,475 мың (+11.3%)
  2. Қазақстан, 2,248 мың (-9.6%)
  3. Финляндия, 2,115 мың (-10.1%)
  4. Украина, 1,377 мың (+8.8%)
  5. Қытай, 1,183 мың (+30.7%)
  6. Эстония, 1,122 мың (+1.1%)
  7. Польша, 840 мың (-16.7%)
  8. Германия, 773 мың (-9.7%)
  9. Грекия, 723 мың (+20.1%)
  10. Кипр, 692 мың (+43.3%)
тақырыпты жалғастыруға «»