Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда айналымы 237 млн долларды құрады
mod kz

Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда айналымы 237 млн долларды құрады

14 желтоқсан, 11:58 188 Астана
Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда айналымы 237 млн долларды құрады

2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-айналымы 237 млн долларды құрады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Израиль бизнес форумында «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Борисбий Жанқоразов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Бүгін елордада Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Қазақстанға ресми сапары аясында қос елдің ресми тұлғалары және іскер топтарының қатысуымен Қазақстан-Израиль бизнес форумы өтіп жатыр.

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Борисбий Жанқоразов екі ел арасындағы сауда-айналымы биыл біршама төмендегенін айтты.

«Былтыр Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда айналымы 306 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстандық экспорттың үлесі – 219 млн АҚШ доллары, ал ипморт 86,9 млн АҚШ доллары. Ал 2016 жылдың 9 айының қорытындысы қос мемлекет арасындағы сауда-саттық 237 млн АҚШ долларын құрады», - деді төраға.

Соңғы деректерге сәйкес, елімізде израильдік серіктестермен бірігіп ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жалпы сомасы 86,5 млн АҚШ долларына 7 жаңа жоба іске қосылған. Олар электронды құрылғыларға арналған баспа платаларын өндіру, қаржы және сақтандыруда бірлескен – Bank Hapoalim коммерциялық банкінің құрылуы, агроөнәркәсіптік кешенде – Алматы облысында және Астана қаласында жылыжай кешенінің құрылысы, Солтүстік Қазақстан облысында бройлер құс фабрикасының құрылысы, инфрақұрылымда – Маңғыстау облысында теңіз суын тұщыту қондырғысының құрылысы. Ал қазіргі таңда қазақстандық-израильдік кәсіпкерлер медициналық сақтандыру желісін және «Архимедес Қазақстан» медициналық орталықтар желісін құру жобасы іске асырылуда.

тақырыпты жалғастыруға ««KAZNEX INVEST»»