Қазақстанды әлемге танытатын мобильді қосымша қолжетімді болмақ (видео)
mod kz

Қазақстанды әлемге танытатын мобильді қосымша қолжетімді болмақ (видео)

12 желтоқсан, 15:57 352 Астана
Қазақстанды әлемге танытатын мобильді қосымша қолжетімді болмақ (видео)

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында әлемге Қазақстан жайлы кеңірек мағлұмат алуға жол ашатын тағы бір мүмкіндік туды. Қазақстандық жастар толағай мерекеге өз тартуларын жасауды ұйғарып, өз күштерімен «Парасатты ел» деп аталатын арнайы мобильдік қосымшаны әзірледі, деп хабарлайды Bnews.kz.

Мобильді қосымшаның жалпы мақсаты – адамдарды әлем елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен жан-жақты таныстыру.

Кез келген жастағы адамға арналған халықаралық зияткерлік викторина түрінде әзірленген қосымша әлемнің кез келген бұрышындағы, кездейсоқ тәсілмен таңдалған адамның сенің елің туралы білімінен ол өмір сүріп жатқан ел туралы біліміңнің зор екенін паш ету. Қосымшадағы ойын жеңіске қол жеткізген әрбір адам ұпайлар жинау арқылы өз елінің рейтингін әлемдік зияткерлік деңгейде көтеруге мүмкіндік алатындай етіп құрылған.

«Қазақстанның әлемге танымалдылығын одан әрі арттыра түссек, басқа елдердің халқын біздің елдің тарихымен, мәдениетімен, Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерімен жан-жақты таныстырсақ деген мақсатта осы қосымшаны әзірледік», - деді Т.Тайымов.

Қазақстанның әлемге танымалдылығын одан әрі арта түсуіне септігін тигізу мақсатында жасалған қосымша келесі жылдың басында IOS және Android операциялық жүйелерінде көпшілік үшін қолжетімді болмақ.

тақырыпты жалғастыруға «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы»