ҚАЖ қызметкерлері кезекті қайырымдылық акциясын өткізді
mod kz

ҚАЖ қызметкерлері кезекті қайырымдылық акциясын өткізді

15 желтоқсан, 19:43 481 Астана
ҚАЖ қызметкерлері кезекті қайырымдылық акциясын өткізді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласындағы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетіне қарасты ИЧ-167/2 мекемесінің қызметкерлері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арнап қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды BNews.kz.

 

«Колонияның ұжымы соңғы үш жылда облыс орталығында орналасқан үш жасқа дейінгі сәбилер тәрбиеленетін Бөбектер үйінің балаларына қамқоршылық танытып келеді. Мұндай қамқорлық, әсіресе, балаларды қорғау күні, жаңа жыл секілді мерекелер кезінде де назардан тыс қылған емес. Мекеме қызметкерлері осындай күндері сәбилерге нағыз мереке ұйымдастырып, сыйлықтар таратады», – деді ИЧ-167/2 мекемесінің бастығы Мырзағали Есқұлов.

Сондай-ақ, балалар үйінің ұжымы да мұндай қайырымдылыққа алғысын білдіріп отырады.

«Осы уақытқа дейін қайырымдылық акциясы барысында балаларға жаялық, түрлі ойыншық, жемістер мен тәттілер жеткізілді. Ал, балалар үйінің ұжымы колония қызметкерлеріне ерекше алғысын білдірді», – деді мекеме бастығы.

тақырыпты жалғастыруға «Тәуелсіздікке 25 жыл»