ҚАЖ қызметкерлері қоян-қолтық күрестен Президент кубогы турнирінен жүлделі орын алды

ҚАЖ қызметкерлері қоян-қолтық күрестен Президент кубогы турнирінен жүлделі орын алды

12 желтоқсан, 17:56 350 Астана
ҚАЖ қызметкерлері қоян-қолтық күрестен Президент кубогы турнирінен жүлделі орын алды

Астанада қоян-қолтық күрестен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін турнир өтті. Аталмыш жарыста Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері 26 команданың ішінен жүлделі төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Жалпы командалық жарыста пенитенциарлық жүйе қызметкерлері 26 команданың ішінде жүлделі төртінші орынға ие болды. Олардың 11-і – күш құрылымдарының жоғары білікті арнайы күштері және Қырғызстан Республикасынан келген команда.

Айта кетейік, қоян-қолтық күрестен Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін өткен ІІ турнирге 9 салмақ дәрежесінде бойынша 200 спортшы қатысты. 

ҚАЖ комитетінің бірлескен командасының ішінен Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкері Бексұлтан Демей 85 кг дейінгі салмақ дәрежесінде күресіп, алтын медальға ие болды. Осы аймақтың қызметкері Жандос Асқарбекұлы 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде тартысқа түсіп, екінші орынды алды. Ал, Қостанай облысы ҚАЖ департаментінің қызметкері Аманегелді Жаманқараев 65 кг салмақ дәрежесінен қола жүлдеген атанды.

Турнирдің жеңімпаздары мен қатысушылары грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

тақырыпты жалғастыруға «»