Қызылордада тұңғыш рет мемлекеттік қызметшілер арасында көңілді тапқырлар сайысы өтті
mod kz

Қызылордада тұңғыш рет мемлекеттік қызметшілер арасында көңілді тапқырлар сайысы өтті

21 желтоқсан, 19:38 228 Қызылорда облысы
Қызылордада тұңғыш рет мемлекеттік қызметшілер арасында көңілді тапқырлар сайысы өтті

Қызылорда облысында жас мемлекеттік қызметшілер арасында тұңғыш рет КТК сайысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

 

 

 

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараға облыс бойынша 10 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Мемлекеттік қызметшілерден құралған командалар саясат, мемлекеттік қызмет тақырыбындағы түрлі әзілдерімен көрермендерді күлдірді.

Қызылорда облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы Абзал Мұхимовтің айтуынша, мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген жастарды шығармашылыққа баулитын мұндай шараларды жиі ұйымдастыру керек.

«Жас мемлекеттік қызметшілерді шығармашылыққа баулу, күнделікті жұмыстан бөлек, көңіл сергітуді жөн көрдік. Ал, олар қоғамдағы түрлі жағдайды әзіл арқылы жеткізе білді. Алда мұндай шаралар әлі де ұйымдастырылып тұрады», - деді ол.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметшілер арасында өткен Көңілді тапқырлар сайысына қатысқандардың басым көпшілігі Тәуелсіздіктің құрдастары болды.

тақырыпты жалғастыруға «мемлекеттік қызметшілер»