Көкшетау тұрғыны төсек жабдығын өндіретін жеке маркасын шығарды
mod kz

Көкшетау тұрғыны төсек жабдығын өндіретін жеке маркасын шығарды

17 ақпан, 11:33 227 Ақмола облысы
Көкшетау тұрғыны төсек жабдығын өндіретін жеке маркасын шығарды

Көкшетаулық Жансұлу Мақсұтова өз кәсібін бес жыл бұрын бастаған. Ол кезде кәсіпкер бала күтіміне байланысты демалыста отырған. Сапалы төсек жабдығын шығаруға бел буған Жансұлу Мақсұтова өткен жылы «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламысын пайдаланған, деп хабарлайды BNews.kz.

 

 

«Бала күтіміне байланысты үйде отырғанда осы идеяны қолға алдым. Басында Иванов қаласынан төсек жабдығын интернет арқылы тапсырыс беріп, саттым. Тауарды жеткізушілерге менің жұмысым ұнады да, маған Көкшетаудан өз филиалын ашуға ұсыныс білдірді», - деді Жансұлі.

Кәсіпкер жалға орын алып, текстиль өнімдерінің дүкенін ашады. Кейін ол өзінің төсек жабдығын тігу идеясын іске асыра бастайды. Жалғыз өзіне қиын болғандықтан ол Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барады.

«Орталық маған қолдау білдірді. Экономиканың бұл секторын мемлекет те құптайтынын айтты», - деп еске алады Жанмұлу Мақсұтова.

Кейін кәсіпкер тігін цехына арналған орын мен тігіншіні жалдайды. Қазірде ол цехта бес тігінші қызмет етеді. Өткен жылы Жансұлұ Мақсұтова қаражатын айналдырып отыру мақсатында жеңілдік несие алады. «Даму» қоры банк алдын кепіл болып, кәсіпкер 3 млн теңге субсидия алған.

Матаны Ресейдің Иванов қаласынан алғызады. Материал түтілмейді, бояуы да шықпайды – сапалы.

«Негізінен, мата түрлі қалыңдықта жасалған мақта – бөз, еуропалық бөз, сәтен, поплин. Цех ашқанымыз жақсы болды. Өйткені, матаны делдалдарсыз тікелей аламыз. Айтпақшы, мен өз жобамды әйелдерге өте қолайлы болатындай қылып жасадым: сапалы өнім, 10 мың теңгеден астам сауда жасаса, дисконт картасын береміз. Ол арқылы кез келген уақытта біздің тауарды 7 пайыз жеңілдікпен ала алады. Зейнеткерлер үшін 10 пайыз жеңілдігіміз бар», - деп әңгімеледі кәсіпкер әйел.

Бүгінде Көкшетауда Жансұлудың екі текстиль дүкені бар. Мұндай дүкенді Астанада да ашты. Цехта балабақша, қонақ үйлер үшін тапсырыспен төсек жабдығын тігеді. Өнім тек аудандарға емес, Петропавлға да жеткізіледі.

Жансұлу дүкендер желісін кеңейтіп, басқа қалалардан да ашуды жоспарлап отыр.

Аймақтық коммуникациялар қызметінің ақпаратына сәйкес, ол жылына 1,5 млн теңгеден 13 млн теңгеге дейін табыс табады екен.

«Даму» қорының бас менеджері Ерболат Евгедиевтің айтуынша, осы кезге дейін Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының  аясында 64,61 млрд теңгеге 525 жоба мақұлданды. Оның ішінде 2016 жылы 25,32 млрд теңгеге 182 кәсіпкерге қолдау көрсетілді.

 

тақырыпты жалғастыруға «Көкшетау»