Көкшетауда домбырашылар бір уақытта «Сарыарқа» күйін орындады

Көкшетауда домбырашылар бір уақытта «Сарыарқа» күйін орындады

13 желтоқсан, 12:25 222 Ақмола облысы
Көкшетауда домбырашылар бір уақытта «Сарыарқа» күйін орындады

Көкшетауда күй атасы Құрманғазының «Сарыарқа» күйі күмбірледі. «Рио» сауда орталығында өткен флешмобқа Біржан сал колледжі мен музыка мектебінің оқушылары қатысты. Музыкалық композиция Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

 

 

Мерекелік флеш-моб қала тұрғындарына ерекше әсер қалдырды. Қос ішіекті домбырадан төгілген күй күмбірі, дүйім жұртты бір сәтте үйіріп әкетті. Домбырашылар жиналғандар алдында «Балбырауын» мен «Адай» күйлерін шарықтатты.

«Мақсат – ұлы күйшінің өшпес мұрасын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау. Қазақтың қара домбырасының құдіретін, күйшілік дәстүрінің мәңгілік екенін танытуды көздеп отырмыз. Алда әлі де рухни жан дүниені байытып, білім мен ілімді дамытатын, таным мен түйсікті тереңдете түсетін шаралар өз жалғасын таба бермек», – дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Айгүл Баубекқызы.

Қазақтың өзіне сай, мақтанышпен үлгі ететіндей ұлттық құндылығы, айтысы, сонымен қатар, ұлттық күй өнері бар. Осындай ұлттық нақышымызды одан әрі тереңдетілген күйде таныстыруда осындай акциялар мен республикалық деңгейде қолға алынған іс-шаралардың маңызы зор екендігін кәсіби шығармашылықта, жоғары деңгейде орындалған «Сарыарқа» күйі дәлелдей түскендей.

«Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйін тыңдаған жанның көз алдына қазақтың байтақ даласы елестейді. Күй сарыны бірде даланың еркін өскен ерлерін елестетсе, бірде терең толғанысқа бойлатып, сайын даланы мекендеген халықтың қадірін домбыраның қос ішегі мен жырына қосады», – дейді қала тұрғыны Ерден Әлпейісов.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Көкшетау»