Көкшетаулық ұстаздар мерейтойлық медальдармен марапатталды
mod kz

Көкшетаулық ұстаздар мерейтойлық медальдармен марапатталды

14 желтоқсан, 17:24 169 Ақмола облысы
Көкшетаулық ұстаздар мерейтойлық медальдармен марапатталды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында көкшетаулық ұстаздар мен ата-аналарға, озат шәкірттер мен қоғамдық ұйымдар жетекшілеріне мерекелік медальдар, Алғыс хаттар табысталды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

Фото: автор

Мінберге көтерілген қала басшысы Е.Маржықпаев алдымен ел тәуелсіздігінің мәні мен мағынасына тоқталды.

«Тәуелсіздік алған жылдарғы қиындықтар, одан кейінгі экономиканың алға басуы, ел дамуының баспалдақтарына тоқталып, осы ұланғайыр істерді жүзеге асыруда Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың рөлі ерекше. Бүгінде облыс орталығы күннен-күнге көркейіп келеді. Қала мектептері ұстаздарының алда да оқу-тәрбие ісінде, қоғамдық жұмыстардағы белсенділіктері мен ынта-жігерлері арта түсеріне сенім мол. Осы ретте, қалада балалар үшін салынып жатқан ойын және спорт алаңдары, мектептер кеңейтіліп, қосымша құрылыстар салу одан әрі жалғасатын болады», – деді қала әкімі.

Фото: автор

Қала басшысы ұзақ жылдар ұстаздық етіп, үздік нәтижелерге қол жеткізіп, шәкірттері оза шапқан мұғалімдерге мерекелік медальдар, қала әкімінің алғыс хаттарын және бағалы сыйлықтар табыс етті.

Фото: автор

Сахна төрінен көрінген бейне-роликтер тәуелсіздік тарихынан қысқа да нұсқа сыр шертсе, оқушылар мен ұстаздар күшімен қойылған сахналық қойылымдар, билер, көріністер де ашық ажар, терең мазмұнымен ерекшеленді. Ал, салтанатты кешті қортындылаған мектеп директорларынан құралған хордың Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні кеш мақсатын айқындап, әр жүректе патриоттық сезім алауын жаққандай болды.

«Мұндай үлкен, ауқымды іс-шара өткізу бірер адамның қолынан келе қоймасы белгілі. Бұл жұмысқа білім бөлімі, барлық педогогикалық ұжымдар атсалысты. Қол ұшын берген басқа да әріптестерге алғысымыз шексіз!» – дейді Көкшетау қалалық білім бөлімінің басшысы Бейбіт Жүсіпов.

тақырыпты жалғастыруға «марапаттау»