Қоянды ауылының басшылығы тұрғындардың наразылығына жауап берді
mod kz

Қоянды ауылының басшылығы тұрғындардың наразылығына жауап берді

17 ақпан, 09:55 313 Ақмола облысы

Қоянды ауылында қар шығару жұмысы жүргізіледі және дәрігерлік амбулатория сәтті жұмыс істеп тұр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Еске сала кетейік, бұдан бір күн бұрын БАҚ-та Қоянды ауылы тұрғындарының  жергілікті басшылыққа шағымы туралы мәлімет жарияланған.Олар қардың уақытында шығарылмайтынына, электр жарығының қамбат болуына және медициналық бекеттің жоқтығына наразылық білдірген.

Целиноград ауданының әкімдігі қазіргі уақытта қарды шығару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Кіретін жол бар, тазартылып жатыр, 1200  текше қар шығарылды. Бүкіл қыс бойы жол болмаған бір ғана жағдай тіркелді. Екі сағат ішінде аталмыш проблема шешілген болатын. Өткен аптада жаңа салынған шағын стансаға кернеу берілді. Қазір электр жарығымен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1850 абонентті қосу жоспарланған. Қазіргі уақытта 800 абонентпен келісімшарт бекітілді,  одан 600 тұрғын үй қосылуға даяр.  Таяу аптада электр жарығы беріледі» - деп жауап берді ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, әкімдік кентте дәрігерлік амбулатория жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Үш дәрігер:педиатр, терапевт, жалпы тәжірибе дәрігері, алты мейірбике және бір акушер қабылдау жүргізеді. Ауылда дәрігерлік амбулаторияда 7,5 мың адам тіркелген, іс жүзінде мұнда 25 мың адам тұрады. Жедел жәрдем стансасын ашу үшін 11 мың адам тіркеуге тұруы қажет. Осы мәселе бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта  мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында инвесторлармен жекеменшік емхана салу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Көбіне жолды тазалау жағдайын тұрғын үй иелерінің жүретін жолға қарды жосықсыз шығаруы қиындататынын атап өткен жөн.

тақырыпты жалғастыруға «қар»