ҚР тауар нарығындағы картельдің алдын алу қажет – Монополияға қарсы комитет
mod kz

ҚР тауар нарығындағы картельдің алдын алу қажет – Монополияға қарсы комитет

17 ақпан, 15:43 370 Астана
ҚР тауар нарығындағы картельдің алдын алу қажет – Монополияға қарсы комитет

Монополияға қарсы комитет картельдің қоғамдық қауіп тудыруына  байланысты (оның ішінде, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың негізсіз өсуіне әкеп соғуы мүмкін), тұрғындарды құқық бұзушылық белгілеріне назар аударуға шақырады, деп хабарлайды Bnews.kz.

Себебі монополияға қарсы ведомство қызметкерлері үшін тергеп-тергеуді бастау негіздерінің бірі – жеке және заңды тұлғалардың өтініші (шағымы).   

Егер мұндай келісімдер бағаларды (тарифтердi) белгiлеуге, сауда-саттықта бағаларды өсіруге, сауда-саттық пен аукциондардың қорытындыларын бұрмалауға, тауар нарығын бөлуге, тауар өндiрiсiн қысқартуға немесе тоқтатуға, шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғуы мүмкiн болса, нарық субъектілері – бәсекелестер арасындағы деңгейлес келісімдер картель деп танылады

Осыған байланысты, картельдік сөз байласуды анықтау бойынша жұмысты күшейту мақсатында ҚР ҰЭМ Монополияға қарсы комитетінің сайтында – www.kremzk.gov.kz «Картель туралы хабарла!» атты баннер орналастырылды.

Осы бөлімде картель туралы жалпы ақпарат, құқықтық база және т.б. орналастырылды, сондай-ақ кері байланыс нысаны әзірленді, картельдік сөз байласу белгілерін көрсететін материалдарды жіберуге болатын электрондық мекенжай мен факс көрсетілді.   

Осыған байланысты, адал кәсіпкерлер мен белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтарды картельдік сөз байласудың барлық өздеріне мәлім болған жағдайлары туралы хабарлауға шақырамыз. Бұл мемлекет көздеген бәсекелестік негізде әділдікті қалпына келтіруге және тауар нарықтарының жұмыс істеуі мен оларды дамытуды қолдауға жәрдемдеседі. Саламатты бәсекелес орта тауарлардың түр-түрін, әртүрлі және қолжетімді бағаларды, сондай-ақ лайықты сапаны білдіретіні белгілі.

тақырыпты жалғастыруға «тауар нарығы»