Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарында 59 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды
mod kz

Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарында 59 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды

17 ақпан, 13:36 133 Маңғыстау облысы

2016 жылы Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарында 59 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Бұл туралы брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлеген Мендалиев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Департаменттің жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру, мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға ерекше назар аударылады. 2016 жылы осы бағытта 14 сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Атқарылған жұмыс нәтижелері әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралып, 59 ұсыным енгізілді, олардың 41-і қазіргі таңда орындалды»,-деді спикер.

Бұдан басқа, агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментімен нормативтік құқықтық актілерге өзгеріс енгізу бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қызметтерді қосу,бірыңғай құқыққолдану тәжірибесін қалыптастыру, персоналды басқару қызметінің тиімділігін күшейту, көрсетілетін қызметтер мерзімін қысқарту, мемлекеттік қызметшілердің жеке (заңды) тұлғалардың өкілдерімен тікелей қарым-қатынасын жою бойынша ұсыныстар берілді.

«Мысалға, сәулет және қала құрылысы саласында жеке және заңды тұлғалар ғимараттарды қолданысқа енгізу актілерін қабылдау барысында жергілікті атқарушы органдарға өтініш түсіреді. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасында қарым-қатынасты жою үшін ғимараттарды қолданысқа енгізу актілерін тіркеуді мемлекеттік қызметтер тізіліміне қосу ұсынылды. Бұл жағдайда азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы қарым-қатынастар болмайды», - деп атап өтті Мендалиев.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг сияқты сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын жоятын жаңа алдын алу шараларын жүзеге асыруда.

тақырыпты жалғастыруға «»