Мәжілісте электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер таныстырылды
mod kz

Мәжілісте электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер таныстырылды

22 желтоқсан, 19:09 202 Астана
Мәжілісте электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер таныстырылды

Бүгін Мәжілісте Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасын таныстырды, деп хабарлайды BNews.kz.

Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Г. Щегельский аталған заң жобасы Елбасының энергия беруші ұйымдарды ірілендіру қажеттігі туралы тапсырмасына сәйкес әзірленгенін, ал оның бес институциональдық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарының 51-қадамында көрініс тапқанын атап өтті.

Заң жобасының мақсаты мыналар болып табылады:

1. ӨЭК-ті:

  1. иесіз электр желілерін қабылдаған кезде энергия беруші компанияларды корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығынан бір реттік босату;
  2. энергия беруші ұйымдар үшін табиғи монополиялар саласындағы заңнамада көзделген тыйымдарды алып тастау;
  3. желілерді кеңейткен кезде электр энергиясын беруге арналған тарифтердің шекті деңгейлерін қайта қарау мүмкіндігін енгізу;
  4. жаңадан салынған шағын станциялар мен желілерді және мемлекеттік кәсіпорындардың балансындағы электр желілерін беру;
  5. энергия беруші ұйымдардың қызметіне қойылатын талаптарды Заң деңгейінде біртіндеп енгізу жолымен ірілендіру.

Отырыс барысында энергетика вице-министрі  Ә. Мағауов заң жобасының негізгі тұжырымдары туралы баяндама жасады, онда энергия беруші ұйымдарды   ірілендірудің  иесіз электр желілерін қабылдаған кезде энергия беруші компанияларды корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығынан босату; энергия беруші ұйымдар үшін табиғи монополиялар саласындағы заңнамада көзделген тыйымдарды алып тастау; желілерді кеңейткен кезде электр энергиясын беруге арналған тарифтердің шекті деңгейлерін қайта қарау мүмкіндігін енгізу тетіктерін көздейтін негізгі жолдары атап өтілді.

Заң жобасының таныстырылымына  Парламент Мәжілісінің депутаттары, энергетика, ұлттық экономика, әділет және қаржы министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан электр энергетикалық ассоциациясының, «KEGOC»  АҚ және Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциацияның, «Кazenergy», ТККА сияқты өнеркәсіп және энергетика саласындағы басқа ассоциациялар мен бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ парламенттік емес партияның және өзге де үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Заң жобасы алдағу уақытта депутат Шавхат Өтемісов жетекшілік ететін жұмыс тобында талқыға түсетін болады.

тақырыпты жалғастыруға «Мәжіліс отырысы»