Мемлекет басшысы әрбір аймаққа жеке-жеке алғыс білдірді
mod kz

Мемлекет басшысы әрбір аймаққа жеке-жеке алғыс білдірді

15 желтоқсан, 13:21 196 Астана
Мемлекет басшысы әрбір аймаққа жеке-жеке алғыс білдірді

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздігіміздің нығаюына үлес қосқан еліміздің әрбір аймағының тұрғындарына жеке-жеке тоқталып, алғысын білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Біз – даламыз бен қаламызды бірге көркейткен қуатты халықпыз. Арқа төсінде Тәуелсіздігінің салтанатты символы – Елордамызды орнатқан жасампаз жұртпыз. Достықтықтың дара дәстүрлерін дамытқан біртұтас ұлтпыз. Көршімен тату, шалғаймен сыйлас, өмір сүрудің өнегесін көрсетіп, салиқалы сыртқы саясатын жүргізген ұлағатты ұлыспыз. Біз әлемдік қарусыздану ісінің тізгінін ұстаған көшбасшы халықпыз. Алыс болашаққа көз тіккен мерейлі мемлекетпіз. Мен бүгін мерейлі сәтте ел дамуына үлес қосқан әрбір отандасыма айрықша ықыласымды білдіремін», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Алатаудың баурайындағы азаттықтың алтын бесігі – алматылықтар, жағасын қарт Каспий сүйген мұнайлы өлке атыраулық және маңғыстаулық ағайындар, өндірісті аймақ Ақтөбе еліміздің дамуына көп үлесін қосты.

«Кенішілер өлкесі қарағандылықтар, байтақ даланың қос жұлдызды сұлуы – Көкше мен Баянауыл, шырайлы шымкенттіктер ерінбей еңбек етті. Жер жәннаты жетісулықтар мен ақжайық ару мекен батыс қазақстандық бауырлар, асты мен үсті тарихи және табиғи байлыққа толы Кенді Алтай өңірі, талай тарихтың куәсі Жамбыл тұрғындары ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Ақ күріші жайқалған сыр өңірі, алтын дән даласы Қостанай мен Солтүстік Қазақстан тұрғындары аянбай тер төкті», – деді Елбасы.

тақырыпты жалғастыруға «Елбасы»