Мемлекет басшысы Индонезияның халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Индонезияның халқына көңіл айтты

08 желтоқсан, 19:24 177 Астана

Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Ачех провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына және достас Индонезияның барша халқына көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

тақырыпты жалғастыруға «Мемлекет басшысы»