Н.Назарбаев халықаралық мұнай-газ компанияларының басшыларымен кездесті (ВИДЕО)

Н.Назарбаев халықаралық мұнай-газ компанияларының басшыларымен кездесті (ВИДЕО)

07 желтоқсан, 17:20 281 Атырау облысы

Елбасы халықаралық мұнай-газ компанияларының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«ExxonMobil» компаниясының президенті Д.Вудс, «Total E&P» компаниясының президенті А.Брейяк, «Royal Dutch Shell» компаниясының бас атқарушы директоры Б.ван Берден және  «Eni» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі бас директоры А.Велла қатысқан кездесуде Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы барлық мәселелерді, соның ішінде экологиялық түйткілдерді шешу үшін бірлесе күш жұмсаудың маңыздылығын атап өтті.

– Қазақстан Үкіметі мен Шетелдік инвесторлар кеңесі ынтымақтастығымыздың аясын кеңейтуге қатысты барлық мәселені қарастыруға дайын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«ExxonMobil», «Total E&P», «Royal Dutch Shell» және «Eni» компанияларының басшылары республикада қолайлы инвестициялық жағдай жасалғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Тәуелсіздік мерейтойының құрметіне орай мұнай құйылған символдық сауыт, сондай-ақ 25 мың голланд қызғалдағы түйнегіне арналған сертификат табыс етті.

Соңында Мемлекет басшысы бірлескен жобаларды жүзеге асырушыларға  табыс тілеп, өзара тиімді ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді. 

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Мемлекет басшысы»