Н.Назарбаевты Сербия және Өзбекстан Президенті Тәуелсіздік күнімен құттықтады
mod kz

Н.Назарбаевты Сербия және Өзбекстан Президенті Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 желтоқсан, 17:25 231 Астана
Н.Назарбаевты Сербия және Өзбекстан Президенті Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сербия және Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

 

 

Әңгімелесу барысында Сербия Республикасының Президенті Томислав Николич Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан мен Сербияның көшбасшылары екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Мемлекеттер басшылары биылғы қарашада Сербияның Премьер-министрі А.Вучичтің Қазақстанға екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға арналған сапарының қорытындысына оң баға берді.

Телефон арқылы сөйлесуге Сербия жағы бастамашы болды.

Қазақстан Президенті сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, халқымыздың одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтады.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

тақырыпты жалғастыруға «Елбасы»