Н.Нығматулин Бакуде Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) шараларына қатысуда
mod kz

Н.Нығматулин Бакуде Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) шараларына қатысуда

22 желтоқсан, 10:37 194
 Н.Нығматулин Бакуде Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА)  шараларына қатысуда

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен парламенттік делегация Бакуде өтіп жатқан Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА)  шараларына қатысуда, деп хабарлайды BNews.kz.

 

 

Парламентшілер кездесуінің негізгі шараларының бірі – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ұйымның жаңа кеңсесін ашу.

Іссапар барысында Мәжіліс төрағасы Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия парламентінің спикерлерімен екі жақты кездесулер өткізді.

Түркиялық спикер Ысмайыл Қахраманмен әңгімелесудің басында Нұрлан Нығматулин Стамбул және Қайсери қалаларында болған террористік актілердің кесірінен қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

Ол Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейіне тоқталып, 2015 жылдағы Түркия Президенті Реджеп Ердоғанның Қазақстанға сапарын, сондай-ақ 2016 жылдың сәуір және тамыз айларындағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға іссапарының маңыздылығын айтты.

«Осы жылдың 15 шілдесіндегі әскери төңкеріс қаупіне байланысты тығырықтан  Түркия абыроймен шықты. Сол кезде Түркия демократиялық мемлекет екенін бүкіл әлемге тағы да дәлелдедіңіз. Осы орайда айта кету керек, болған жағдайдан кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірінші болып ресми сапармен барды», - деді Мәжіліс спикері.

Ысмайыл Қахраман Қазақстанның ТүркПА-дағы төрағалығының нәтижелерін жоғары бағалады.

Астанада Сириядағы жағдайды реттеу мақсатында келіссөздер өткізу мәселелерін қозғап, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін атап өтті.

«Бүгінде Астана бітімгерлік жасаудың орталығына айналды. Бұл орайда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін бағалап, атап өту керек.  Сондықтан, диалогтық алаң ретінде Астананың таңдалғанын дұрыс шешім деп есептеймін», - деді ол.

Кездесу соңында Нұрлан Нығматулин түркиялық спикерді елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Азербайжан Міллі мәжілісінің спикері Оқтай Асадов және Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің төрағасы Чыныбай Тұрсынбековпен кездесу барысында Ассамблея аясындағы өзара қарым-қатынас мәселелері, сондай-ақ парламентаралық диалогты белсендету талқыланды.

Келесі жылы Қазақстан ТүркПА төрағалығын Қырғызстанға табыстайды. Осы орайда, Нұрлан Нығматулин қабылдаған ел төрағалық ете отырып, жақсы жұмыс атқарады деген сенім білдірді.

тақырыпты жалғастыруға «Нұрлан Нығматулин»