Нұрлан Нығматулин депутаттарға орден тақты
mod kz

Нұрлан Нығматулин депутаттарға орден тақты

13 желтоқсан, 15:58 161 Астана
Нұрлан Нығматулин депутаттарға орден тақты

Тәуелсiздiктiң 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Президентiнiң Жарлығымен Мәжiлiстiң бiр топ депутаты мемлекеттiк наградамен марапатталды, деп хабарлайды BNews.kz.

Бүгiн депутаттарға награданы Мемлекет басшысының атынан салтанатты түрде палата төрағасы Нұрлан Нығматулин табыс еттi.

«Қазақстан үлкен табыстарға, ұлы жеңiстерге жеттi. Әлемдiк деңгейде абыройлы да беделдi мемлекет болды. Ең бастысы, елiмiздiң берекелi бiрлiгi және ынтымағы зор. Осыған жеткен де, жетпеген де мемлекеттер бар. Бұл тiкелей Елбасының ерен еңбегiнiң жемiсi. Елбасының саясатының арқасында үлкен жеңiстерге жеттiк. Оны бәрiмiз бiлiп, бағалауымыз керек. Осы жолда барша қазақстандық, соның iшiнде сiздердiң де қосып жатқан үлестерiңiз өте зор», - деп атап өттi Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

«Парасат», II деңгейлi «Достық», "Құрмет» ордендерi, «Ерен еңбегi үшiн», «Шапағат» медальдерi мен ҚР Құрмет грамотасымен мемлекеттiк және қоғамдық қызметте сiңiрген еңбегi үшiн 19 депутат мен аппарат қызметкерi марапатталды.

Бұдан бөлек, депутаттық корпустың мемлекеттiң дамуына қосқан үлесi «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25» мерейтойлық медальдерiмен аталып өттi.

Сондай-ақ парламентизмдi дамытып, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесi үшiн бiр топ депутат пен аппарат қызметкерi ТМД Парламентаралық ассамблеясы мен ҰҚКҰ Парламенттiк ассамблеясының наградаларына ие болды.

тақырыпты жалғастыруға «мемлекеттік награда»