«Нұрлы жер» аясында 1,5 млн-нан астам баспана салынады – ҰЭМ
mod kz

«Нұрлы жер» аясында 1,5 млн-нан астам баспана салынады – ҰЭМ

12 желтоқсан, 10:28 237 Астана

Бүгiн Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен үкiмет отырысы өтiп жатыр. Отырыста ҚР Ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев Бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасының тұжырымдамасын таныстырды, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесiнде 1,5 млн-нан астам тұрғын үй салынады. Яғни, осынша отбасы тұрғын үй мәселесiн шеше алады деген сөз. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшiн облыс орталықтарында жаңа пилоттық тәсiлдi қолдану ұсынылады, оның негiзгi мiндеттерi мынадай: бiрыңғай құрылыс салушы арқылы бiрыңғай сәулеттiк үлгiде жеке тұрғын үй салу, ҮҚК технологияларын қолдану арқылы тұрғын үй құнының қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету, кезекте тұрған азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнен жеңiлдiкен қарыз беру арқылы жеке тұрғын үй құрылысын қаржыландыру», – дедi Қ.Бишiмбаев.

Министрдiң айтуынша, пилоттық жобаға қатысатын кезекте тұрған азаматтар жер учаскесiмен бiрге және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым жүргiзiлген дайын үйдi өздерi сатып алуға немесе оны сатып алу үшiн Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнен несие алуға құқылы.

тақырыпты жалғастыруға «Нұрлы жер»