«Нұрлы жер» бойынша несиенiң бiр бөлiгiн мемлекет субсидиялайды – Қ.Бишiмбаев

«Нұрлы жер» бойынша несиенiң бiр бөлiгiн мемлекет субсидиялайды – Қ.Бишiмбаев

12 желтоқсан, 11:54 447 Астана

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілетін несиенiң бiр бөлiгiн мемлекет субсидиялайды. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Ипотекалық несиелеу нарығын жандандыру мақсатында азаматтарға бастапқы үй сатып алуға екiншi деңгейлi банктер беретiн ипотеканың пайыздық ставкасының бiр бөлiгiн мемлекеттiң субсидиялауы арқылы халықтың сұранысын ынталандыру көзделiп отыр. Сондай-ақ, жеке үй салушылардың қолжетiмдi несие ресурстарын пайдалануын ынталандыру үшiн банктер беретiн несиенiң пайыздық ставкасының бiр бөлiгiн мемлекет субсидиялайтын болады», - дедi «Нұрлы жер» бағдарламасын таныстырған Қ.Бишiмбаев.

Министрдiң айтуынша, өңiрлерде сатып алу құқығынсыз жалға берiлетiн тұрғын үй қорын құру үшiн 2017 жылдан бастап республика бойынша жыл сайын 25 млрд теңге бөлу жоспарланған. Салынған жалға берiлетiн тұрғын үйлер ЖАО кезегiнде тұрған халықтың әлеуметтiк осал топтарына арналған.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Нұрлы жер бағдарламасы»