Павлодар облысының әкіміне бесінші орынбасар тағайындалды

Павлодар облысының әкіміне бесінші орынбасар тағайындалды

22 желтоқсан, 09:51 189 Павлодар облысы
Павлодар  облысының әкіміне бесінші орынбасар тағайындалды

Павлодар облысы әкімінің бесінші орынбасары болып Әлия Арынова тағайындалды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

 

 

 

 

 

Аймақ басшысы орынбасарлары қатарының артуына облыстың қазіргі экономикалық әлеуеті мен даму болашағы сеп болған. 

«Әлия Арынова экономика, бюджеттік саясат, мемлекеттік жоспарлау, инфляциялық саясат, мемлекеттік активтер мен коммуналдық меншікті басқару мәселелерімен, мемлекеттік сатып алуларды  бақылаумен және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытумен   айналысады. Менің ойымша, бұл – өте жауапты бөлім. Барлық қала мен аудан әкімдіктерінің бюджетін жете ұғыну қажет. Жыл соңына дейін жасалған меморандумдардың мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, бюджеттің кіріс бөлігін және тағы басқа жұмыстарды орындау қажет. Сондай-ақ, коммуналдық активтерді басқару тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты күшейту керек, сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі арқылы жобаларды іске асыру жұмысын жандандыру қажет», – дейді облыс әкімі Болат Бақауов.

Әлия Арынова еңбек жолын 1998 жылы Павлодар облысы экономика департаментінің бас маманы болып бастады. Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бөлім бастығы, басшы орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарды. Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі, экономикалық даму және сауда министрінің кеңесшісі, премьер-министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі болды.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «»