Павлодар облысында баламасы жоқ медициналық орталық ашылды
mod kz

Павлодар облысында баламасы жоқ медициналық орталық ашылды

13 желтоқсан, 11:29 182 Павлодар облысы
Павлодар облысында баламасы жоқ медициналық орталық ашылды

Май ауданының Көктөбе ауылында Қазақстанда баламасы жоқ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Май аудандық орталық ауруханасының жанынан ашылған нысан 30 орынға шақталған.  Медициналық мекемені техникамен  жабдықтауға облыстық бюджеттен 50 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Айта кетейік, жаңадан ашыған орталық 40 адамды жұмыс орнымен қамтыды. Орталықтың салтанатты ашылуына қатысқан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов орталық ұжымына шағын автобустың кілтін сыйға тартты.

«Ең бастысы, бұл орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар медициналық көмек қана алып қоймай, бір-бірімен сырласып, ақыл-кеңестерін айта алады. Облыс тұрғындарының 3%-ға жуығы тірек-қозғалыс аппаратының дертімен ауырады. Жаңадан ашылған орталықта олар оңалтудан өтіп, өздерін қоғамның толыққанды өкілдері ретінде сезіне алады», - деді Болат Бақауов.

Мамандардың айтуынша, медициналық мекемеде бірнеше бөлімше бар. Тренажер залында көлденең магнитті велотренажер, арқаны көлденеңінен бүктеуге арналған тренажер, қол-аяқ қозғалысын дамытуға арналған құралдар бар. Сонымен қатар, орталықта суасты созуға және омыртқаның гидромассажын жасауға арналған кешен де бар.

тақырыпты жалғастыруға «мүмкіндігі шектеулі жандар»