Павлодар облысында бензин сақталатын резервуарда өрт болды

Павлодар облысында бензин сақталатын резервуарда өрт болды

21 желтоқсан, 18:26 253 Павлодар облысы
Павлодар облысында бензин сақталатын резервуарда өрт болды

Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аумағындағы «Нефтересурс сервис» ЖШС-де өрт болды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпорын аумағындағы жанар-жағармайды тасымалдау эстакадасында АИ-80 маркалы бензин өртенді.

«Кәсіпорын аумағында әрқайсысы 60 тоннаға шақталған екі резервуар бар. Сол нысандардың маңында қызыл жалын өршіді. Өрт жалмаған аумақ 120 шаршы метрді құрайды. Салдарынан 37 және 38 жастағы екі қызметкер зардап шекті. қазіргі таңда төтенше жағдайдың орын алу себебі және келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Қызыл жалынмен күресуге 60-тан астам өрт сөндіруші жұмылдырылды», - дейді облыстық ТЖД-нің өкілі, азаматтық қорғаныс подполковник Болатбек Кашкеев.

Зардап шеккен 37 жастағы маман Павлодар қалалық №1 ауруханаға жеткізілді. Мекеменің күйік бөлімінің меңгерушісі Марат Кенжеғалиннің айтуынша, қазіргі кезде азаматтың денсаулық жағдайы тұрақты.

«Өндірістік жарақат алған ер азаматтың денесінің 4%-ын өрт шалған. Қазіргі таңда жағдайы қанағаттанарлық, жарақаты орташа деңгейде деп бағалануда», - дейді Марат Кенжеғалин. 

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «өрт»