Павлодар облысында боранда адасып кеткен шопан құтқарылды

Павлодар облысында боранда адасып кеткен шопан құтқарылды

23 желтоқсан, 10:56 500 Павлодар облысы
Павлодар облысында боранда адасып кеткен шопан құтқарылды

Павлодар облысына қарасты Қашыр ауданында ақтүтек боранда адасып кеткен шопан құтқарылды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

 

 

 

 

Өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешкі сағат 19.00-де атқа мінген бақташы мал суаруға  кетіп, оралмаған.

«54 жастағы Ерболат Қапезов Федоров ауылдық округіне қарасты Қызылтау жайылымындағы ұңғымаға кетіп, қайтып оралмаған.  Жедел құтқару пультіне хабар түскен соң, сала мамандары іздестіру жұмыстарын қолға алды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардан жедел іздестіру бригадалары жасақталды. Осылайша, бес азамат оқиға орнына жетті», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Бақташы Қызылтау жайылымынан 1,5 шақырымдық жерже екі сағаттан соң табылды. Ерболат Қапезов жергілікті дәрігерлік амбулаторияға жеткізілді. Мамандардың айтуынша, азаматтың жағдайы жақсы. Қазіргі таңда бақташы үйіне оралды.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «боран»