Павлодар облысында спорт саласын қаржыландыру көлемі 40%-ға артпақ
mod kz

Павлодар облысында спорт саласын қаржыландыру көлемі 40%-ға артпақ

13 желтоқсан, 13:31 364 Павлодар облысы
Павлодар облысында спорт саласын қаржыландыру көлемі 40%-ға артпақ

2017 жылы Ертіс өңірінің спорт саласын дамытуға облыстық бюджеттен 3,9 млрд теңге бағытталмақ, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттек жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев хабарлады. Спорт саласын қаржыландыру аймақтың үш жылдық бюджеті аясында жүзеге асырылады. 2018 жылы өңірдің спорт және дене шынықтыру саласын дамытуға 2,35 млрд теңге, ал 2019 жылы 3,7 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл  салыстырмалы кезеңге қарағанда шамамен 40%-ға артық көрсеткіш болмақ.

Фото: автор

«Оқушыларды дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға тарту және спортта дарынды балаларға қолдау көрсету мақсатында келесі жылы 2012 млрд теңге жұмсау жоспарланған. Бүгінде өңірдің мамандандырылған спорт мектептерінде 280 дарынды жеткіншек білім алуда. Олар республикалық және облыстық құрама командалары ішінде шеберліктерін шыңдауда. Спортшыларды керек-жарақтармен қамту мақсатында келесі жылы 375,8 млн теңге қарастырылған», - дейді Мақсат Тұрлыбаев.

Айта кетейік, 2017 жылы Ертіс өңірінде 200-ден астам спорттық шара ұйымдастырылмақ. Бұған 3 млрд теңге жұмсалады деп күтілуде.
 

тақырыпты жалғастыруға «»