Павлодарда Орта Азиядағы ең ірі көпір пайдалануға берілді

Павлодарда Орта Азиядағы ең ірі көпір пайдалануға берілді

14 желтоқсан, 15:27 318 Павлодар облысы
Павлодарда Орта Азиядағы ең ірі көпір пайдалануға берілді

Бүгін Павлодар облысында Ертіс арқылы өтетін Орта Азиядағы ең ірі көпір пайдалануға берілді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Айта кетейік, жаңа өткел Ертіс өңірінде Павлодар-Ақсу агломерациясын қалыптастыруға және Ақсу шағын шаһарының «Моноқалаларды дамыту» мемлекеттік бағдарламасын табысты жүзеге асыруға септігін тигізбек. Көпірдің ашылу салтанатына Павлодар облысының зиялы қауым өкілдері, түрлі сала мамандары мен инфрақұрылымдық нысанды салған құрылысшылар жиналды. Көпірдің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Төрағасы Пшенбаев Мереке, «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қизатов Ермек, ҚР Энергетика министрі Бозымбаев Қанат, Павлодар облысының әкімі Бақауов Болат және облыстың қоғам өкілдері қатысты. 

Фото: автор

Айта кетейік, көпірдің құрылысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша басталды және ол «Орталық-Шығыс» көлік дәлізі – «Нұрлы жол» бағдарламасының бөлшегі болып табылады.

Фото: автор

Аркалы көпір жаңа технологиялар бойынша вант түріндегі көлбеу иілгіш ілмектерді қолдану арқылы салынды. Көпірді салуда Қазақстанда тұңғыш рет орталық арканы арнайы гидравликалық жүйе және   «Heavy Lifting» домкраттарының көмегімен көтеру технологиясы қолданылды. 

Көпірдің жалпы ұзындығы - 12,3 км. Көпір өткелін салу үшін 13 500 тонна металл конструкциялары, 150 000 куб м бетон қолданылып, 1146 дана бұрғытолтырмалы қадаларды тұрғызу жұмыстары жүргізілді. Эстакада бөлігі 66 тіректен тұрады, оларға темірбетонды арқалықтардан тұратын құрылғылар орнатылған. Көпірдің көліктер жүретін бөлігі төрт жолақтан тұрады, өткізгіш қабілеттілігі тәулігіне 10 мың автомобильді құрайды. Жаңа көпір транзиттік көліктің жол ұзақтығын 40 шақырымға қысқартып, 20 минут уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Фото: автор

Мамандардың айтуынша, көпірдің құрылысында 1800 адам қатысып, 700 техника бірлігі, 6 су жүзу құралдары жұмыс істеді. Сонымен қатар, Павлодар облысындағы көлік қызметі, қоғамдық тамақтану және басқа қызмет көрсететін 100-ге жуық шағын және орта бизнес кәсіпорындары тартылды.

«Бұл  - көптің арманы, көппен күткен оқиға. Бұл нысанды ел Тәуелсіздігінің басты жетістіктеріні ңбірі десек те болады», - деді облыс әкімі Болат Бақауов.

 

Қуантарлығы, ныснаның құрылысында жергілікті және қазақстандық құрылыс материалдары: қиыршық тас, цемент, темір бетон бұйымдары және басқа материалдар пайдаланылды.

Меркелік салтанат кезінде көпірдің үстімен елімізді шығарылған көшбасшылары – Қостанайда шығарылатын электромобильдер мен автомобильдер бірінші болып жүріп өтті.


Фото: автор

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «»