Петропавл әуежайын реконструкциялау жұмыстары аяқталды

Петропавл әуежайын реконструкциялау жұмыстары аяқталды

14 желтоқсан, 16:51 201 Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл әуежайын реконструкциялау жұмыстары аяқталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Петропавл қаласында халықаралық әуежайдың жолаушылар терминалы салтанатты түрде ашылды.

 

 

 

Жаңартылған ғимаратты ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов, еңбек ардагері Александр Липовой мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің әуежайлар басқармасының басшысы Амантай Қоқатаев қатысты.

Өз баяндамасында Ерік Сұлтанов әуежайды реконструкциялау облыс тарихындағы үлкен оқиға екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің әуежайды реконструкциялау ұсынысына қолдар білдірген болатын. Астана мен Алматы қалалары бойынша әуе рейстері қалпына келтірілді, олар сұранысқа ие», - деді өңір басшысы.

Облыс әкімі жобалаушылар мен құрылыс компанияларына алғысын білдірді. Ауқымды жұмысқа атсалысқандардың барлығына өңір басшысы құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады. Шараға қатысушыларды осынау маңызды оқиғамен еңбек ардагері Александр Липовой, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің әуежайлар басқармасының басшысы Амантай Қоқатаев және «К-Дорстрой» АҚ бас директоры Валерий Лазарев құттықтады.

Салтанатты шарадан соң «Петропавл-Алматы» әуе рейсіне тіркеу басталғаны жөнінде хабарлады. Петропавл халықаралық әуежайы 1974 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралығында мұнда алғаш рет ауқымды жөндеу жұмысы жүргізілді. Терминалды реконструкциялау жұмыстары жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарылатып, қажетті қауіпсіздік құралымен жабдықталған.

Реконструкция республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілді. Бұған дейін ұшу-қону жолағын қайта салу жұмыстары аяқталған болатын. Жүргізілген жұмыстар барысында мұндағы жолаққа қалыңдығы 10 см болатын асфальт және бетонды жабынмен қапталды. Жолақтың өзі 2 800 метрге ұзартылып, 45 метрге кеңейтілді. Бұдан бөлек, рөлдік жолақ пен перрон қайта салынып, халықаралық стандарттар бойынша жарықтандыру құрылғылары орнатылды.

Ұшу-қону жолағын реконструкциялаған соң Петропавл әуежайы заманауи әуе кемелерін еш кедергісіз қабылдай алады. Келесі жылы Ресей Федерациясына әуе рейсін ашу жоспарланған.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Петропавл»