Роза Рымбаеваның фанаттары оны «қайтыс болды» деп жариялады (ФОТО)

Роза Рымбаеваның фанаттары оны «қайтыс болды» деп жариялады (ФОТО)

23 желтоқсан, 14:58 1853 Алматы
Роза Рымбаеваның фанаттары оны «қайтыс болды» деп жариялады (ФОТО)

ВКонтакте желісінің қолданушылары халықтың сүйікті әншісі Роза Рымбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды BNews.kz.

 

 

 

«Роза Рымбаева жол апатында қайтыс болды», - деп жазды Vk.com қолданушысы Сейітжан Өмірзақ.

Мұндай қайғылы хабарламаны әншінің басқа жанкүйерлері де өз парақшаларында бөлісті.

Ал, халық әртісі Роза Қуанышқызы дін аман. Бірақ, мұндай орынсыз қалжыңды жауапсыз қалдырмаймын деп отыр.

«Демек, мен ұзақ өмір сүремін (күледі). Алайда, мұндай қауесет таратқан адамның есі дұрыс емес және қалжыңдасуды білмейді екен. Енді соттасамыз», - деді Роза Рымбаева.

Дәл қазір әнші Астанада, кейін Атырауға концертке барады. Ал, ертең Алматыда болады.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «»