Сарапшылық кеңес Қазақстанның Ұлттық брендін анықтауға арналған байқаудың үздік жұмыстарын таңдады

Сарапшылық кеңес Қазақстанның Ұлттық брендін анықтауға арналған байқаудың үздік жұмыстарын таңдады

22 желтоқсан, 18:11 192 Астана
 Сарапшылық кеңес Қазақстанның Ұлттық брендін анықтауға арналған байқаудың үздік жұмыстарын таңдады

Бүгін Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау бойынша байқаудың сарапшылық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

 

 

 

Қазіргі уақытта өңірлік брендинг көп жағдайда мемлекеттің туристік және инвестициялық тартымдылығының деңгейін анықтайды, олардыңң өнімдерінің танымалдығын арттырып, халықаралық аренадағы беделіне және ғаламдық еңбек бөлінісіндегі орнына ықпал етеді.

«Соңғы жылдары әлемде визуалды графика кеңінен қолданылуда. Адамның 80 пайызы ақпаратты көру арқылы алады. Кәсіби маркетологтар бұрыннан бері өз жұмыстарын осы қағиданың негізінде жүргізіп келеді. Сондықтан, бүгінгі таңда мәліметті тез ұғыну үшін инфографика, фото-видеосы бар материалдарға басымдық берілуі кездейсоқ емес», - деп атап өтті отырыс барысында вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов.

Еске сала кетейік, Қазақстанның халықаралық аренадағы оң келбетін қалыптастыру және танымалдығын арттыру, қазақстандық ерекше туристік орындарды ақпараттық қолдау, шетелдік инвестиция тарту мақсатында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау бойынша Республикалық байқау 31 тамызда басталды. Байқауға қатысушылардан Қазақстанның әлемдік кеңістікте танымалдығын арттыруда қолданылатын логотип немесе эмблема жобасын және оған ұран сөзді қоса ұсыну талап етілді.

Ұйымдастыру комитетіне азаматтардан барлығы 1000-нан аса жоба келіп түсті. Қазіргі уақытта байқаудың I кезеңі – интернет қолданушыларының дауыс беруі аяқталды. Оның аясында қазақстандықтар өздеріне ұнаған жобаға дауыс берді. Екінші кезең – интернет дауыс беру нәтижесінде іріктелген үздік жобалар Сарапшылық кеңесте таныстырылды.

Атап айтқанда, Сарапшылық кеңестің қарауына дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 40 жұмыс ұсынылды. Сарапшылар бұлардың ішінен үздік 10 жобаны таңдап алады. Байқау ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық бренді – ресми логотипі мен ұраны қалың көпшілікке таныстырылады.

Сарапшылық кеңес құрамына танымал саясат және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілдері, мәдениет пен өнер қайраткерлері кіреді.

Сарапшылық кеңестің шешімімен келесі отырыс тура бір айдан кейін өткізіледі, онда ұсынылған финалдық жобалар қаралады.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Иманғали Тасмағамбетов»