Семейде Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды

Семейде Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды

12 желтоқсан, 17:27 214 Шығыс Қазақстан облысы
Семейде Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды

Семейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Физика-математикалық бағытта оқытатын жаңа мектеп 720 орынға арналған, деп хабарлайды Bnew.kz.

Мектептің ашылу салтанатымен құттықтаған облыс әкімі Даниал Ахметов жаңа білім ошағының оқушыларына ізгі тілегін білдірді.

Құрылысы 2,5 жылғы созылған жаңа оқу кешенінің бір ерекшелігі, алыс ауыл-аймақтан келген оқушыларға арналған жатын корпусы салынған. Бүгінгі күні аймақтан жалпы саны 645 бала заияткерлік мектепке іріктелініп алынды. Жаңа құралдармен жабдықталған химия, физика, биология зертханаларынан бөлек, нанотехнология, биотехнология, робототехника сыныптары оқушының ғылыми жұмыспен айналысуына қолайлы жағдай туғызбақ.

Кембридж халықаралық емтихан орталығымен бірлесе құралған оқу бағдарламасымен оқытатын Назарбаев зияткерлік мектебі халықаралық стандартқа сай бағалау үрдісін жүргізетін болады. Ал оқушыларға «Болашақ» бағдарламасы бойынша тәжірибеден өткен 122 педагог білім беріп, «IELTS», «SET» сынды халықаралық курска әзірлейді.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы»