Сенат сотталғандарды бостандықта өмiр сүруге дайындайтын заңды қабылдады
mod kz

Сенат сотталғандарды бостандықта өмiр сүруге дайындайтын заңды қабылдады

22 желтоқсан, 11:21 303 Астана
Сенат сотталғандарды бостандықта өмiр сүруге дайындайтын заңды қабылдады

Бүгiн Сенаттың жалпы отырысында «Пробация туралы» заң жобасы қабылданды. Заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 33-қадамын орындау аясында әзірленген, деп хабарлайды BNews.kz.

 

 

Заң жобасы пробация институтын одан әрі жетілдіруге, атап айтқанда осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуге және пробация ұғымдарын, қағидаттарын, субъектілердің құзыреттері мен фунцияларын, осы қызмет пен пробацияға жататын адамдардың мәртебесін айқындауға бағытталған,

2015 жылы жаңа қылмыстық және қылмыстық-атқару кодекстерi қабылданған соң пробациялық бақылауға алынатын адамдардың тiзiмi кеңейтiлген. Атап айтқанда, мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатылғандар, бас бостандығы шектелгендер және сот шешiмiмен әкiмшiлiк қадағалауға алынған адамдар осы тiзiмге қосылды.

Қазiрi уақытта елiмiзде пробацияның екi үлгiсi бар: бас бостандығынан айыруға қатысты емес жаза алған адамдарға қолданылатын үкiмдiк және мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатылғандар, жазасын өтеп шыққандар мен әкiмшiлiк қадағалауға алынған адамдарға қолданылатын постпенитенциарлық пробация.

Осы ретте, пробация қызметiнiң жұмысы айтарлықтай көбейген. Бұл қызметте тiркеуде тұрған адамдардың саны 9 мыңға дерлiк - 39 мыңнан 48 мың адамға дейiн артты. Оларға мамандық алып, жұмыс табуға, ем қабылдауға, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-құқықтық көмек алуға қолдау көрсетiлген. Бұл жұмыс қайтадан жасалатын қылмыстың азаюына ықпал еттi. Өткен жылы пробациялық бақылауға алынған азаматтардың арасында жасалатын қылмыс деңгейi 30 пайызға қысқарыпты.

Жаңа заң жобасы пробацияның тағы екi үлгiсiн енгiзудi қарастырады. Бұл - сотқа дейiнгi және пенитенциарлық пробация. Сотқа дейiнгi пробация кәмелеттiк жасқа толмағандар, зейнет жасындағы әйелдер, жүктi әйелдер, мүгедектер, зейнет жасындағы ер адамдар, үш жасқа дейiнгi баласын жалғыз асырап отырған ер адамдарға қатысты қолданылатын болады. Бiрақ сотқа дейiнгi пробацияның үйде қамауда ұстау және қамауда ұстау бұлтартпау шаралары қолданылатын адамдарға қатысы жоқ.

Ал пенитенциарлық пробация үлгiсi пробация қызметi мен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi әкiмшiлiгiнiң бiрлесуiнен және сотталушыны босатуға дайындау мен қайта әлеуметтендiрудiң жеке бағдарламасын iске асырудан тұрады. Бұл пробация жазасын өтеуiне 1 жыл қалған сотталғандарға қатысты болады.

тақырыпты жалғастыруға «пробация»