Шымкенттік 25 азамат Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік марапат алды

Шымкенттік 25 азамат Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік марапат алды

14 желтоқсан, 16:27 309 Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкенттік 25 азамат Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік марапат алды

Бүгін қала әкімдігінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Меркелік жиында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматты марапаттады.

 

 

 

«Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіздік – бұл халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған арманы. Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлт пен ұлыстар татулығында. Елбасымыз Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында мемлекетіміз әлемдегі дамыған елу елдің қатарына еніп, бүкіл әлемге танылып отыр» , - деді қала әкімі өз құттықтауында.

Айтулы мерекеге орай 25 азаматқа «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалі, «Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы» табыс етілді. Сонымен қатар, 57 адам «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, 3 адам қала әкімінің Алғыс хаттарымен сыйланды. 12 азамат «Шымкент қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін алды.


Іс-шара соңында облыстық филармония өнерпаздары, жергілікті өнер ұжымдары мен жас әншілер мереке мерейін асырып, әннен шашу шашты.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Тәуелсіздікке 25 жыл»