Тәуелсіздік құрдастары атанған павлодарлық полицейлер қайырымдылық шарасын өткізді

Тәуелсіздік құрдастары атанған павлодарлық полицейлер қайырымдылық шарасын өткізді

16 желтоқсан, 10:28 277 Павлодар облысы
Тәуелсіздік құрдастары атанған павлодарлық полицейлер қайырымдылық шарасын өткізді

Павлодар облысының ішкі істер органдарында қызмет ететін Тәуелсіздік құрдастары ұлық мерекені Мичурин балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге қарсы алды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

 

 

 

Полицейлер мен Мичурин балалар үйінің тәрбиеленушілері арасындағы достық бірнеше жылдан бері жалғасын табуда. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы орай  «25 жұлдызды іс» акциясы аясында полицейлер балаларды  Ішкі істер департаментіне шақырып, экскурсия өткізді. Бүгінде ішкі істер органдарының қатарында 25 жастағы 297 азамат мінсіз қызмет етуде.

«Жасөспірімдер департаменттегі Даңқ мұражайында болып, аймақтың ішкі істер органдарының тарихына көз жүгіртті.  Тәртіп сақшылары балаларға ішкі істер органдары ардагерлерінің өмірі мен  жауынгерлік ерліктері жөнінде де айтып берілді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Фото: автор

Департамент ғимаратын аралағаннан кейін балаларға арнап мерекелік дастарқан жайылды. Полицейлер балғындарға сыйлықтар табыс етіп, игі тілектерін жолдады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін атап өтуге  орай полицейлер балаларға  сыйлықтар да дайындаған. Тәуелсіздіктің құрдастары сахнада балаларға шана, коньки, шаңғы және тәттілер табыстады.

Фото: автор

Айта кетейік, Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар облысының үздік полицейлері марапаттарға ие болды. Ішкі істер органдарында адал қызмет атқарған 16 маман ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан ынталандырылды. Сонымен қатар, ел Президентінің Жарлығымен 20 полиция қызметкері  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды. Ал облыстық ІІД бастығының бұйрығымен тағы 100 қызметкер сый-сияпатқа ие болды.