Зейнеткерлерге тегін сыйлық таратылмайды

Зейнеткерлерге тегін сыйлық таратылмайды

23 желтоқсан, 13:22 247 Астана
Зейнеткерлерге тегін сыйлық таратылмайды

Whats App мессенджері мен әлеуметтік желілерде жаңа жыл қарсаңында зейнеткерлерге елорда әкімдігі сыйлық таратады деген ақпарат тарап жатыр. Астана қаласының әкімдігі мұндай ақпаратты ресми түрде растамады.

 

 

«Астана қаласының әкімдігі аталған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады, өйткені елорда әкімдігінің аппараты зейнеткерлерге сыйлықтарды тегін тарату бойынша шаралар өткізуді қарастырып отырған жоқ. Сондай-ақ, жалған ақпаратты қасақана таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Елорда тұрғындары мен қонақтарын ресми дереккөздер таратқан шынайы ақпаратқа ғана сүйенуге шақырамыз», - деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 1-31 желтоқсан аралығында елордада «Астана - мейірімді қала» жалпықалалық қайырымдылық акциясы өткізіліп жатқанын хабарлаймыз. Оның мақсаты - ҰОС ардагерлері, барлық топтарға жататын мүмкіндігі шектеулі адамдар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар, онкологиялық ауруларға, саул ауруына, туберкулезге шалдыққан балалар сияқты азаматтардың жеңілдікті топтарына қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлу.

Қала әкімінің бастамасымен 8 (7172) 55- 66- 55 көпарналы жедел желі іске қосылды, ол бойынша хабарласып атаулы көмек көрсетуге болады. Саll-орталықтың қоңырауларды қабылдау уақыты: сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні 11:00-ден 16:00-ге дейін.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «»