Жолаушылар пойыздары жаңа кестемен жүреді
mod kz

Жолаушылар пойыздары жаңа кестемен жүреді

21 желтоқсан, 17:59 368 Астана
Жолаушылар пойыздары жаңа кестемен жүреді

2016-2017 жылғы пойыз қозғалысының кестесіне орай желтоқсанның 11-нен бастап, пойыздардың кестесі мен реттік санына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды BNews.kz.

Оның ішінде Петропавл –Алматы, Атырау-Астана, Атырау- Алматы, Маңғышлақ –Астана, Алматы-1-Қостанай, Қызылорда- Көкшетау, Астана-Орал және басқа да тікелей және кері бағыттағы пойыздар бар.

Оған қоса, 2016 жылғы желтоқсанның 11-інен бастап бірқатар пойыздардың нөмірі өзгерді:

«Алматы-2-Астана» №1/2 –ден №701/702;

«Алматы-2-Петропавл» №701-702-ден №705/706-ға;

«Астана –Шымкент» №79/80 пойызы №707/708 болып өзгерді.

Есте сақтауға қажетті ақпараттың бірі №3/4 «Алматы-2-Астана» (2016 жылғы желтоқсанның 11-інен бастап) №11/12 «Алматы- 2-Шымкент» пойызы (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап) отандық «Тұлпар-Тальго» зауытынан шыққан жаңа модельді вагондармен қамтылады.

Жолаушылардың сұранысын ескере келіп, Астана мен Алматы бағдарына тәулігіне үш жүрдек пойыздары (№3/4, №701/702, №705/706) соңғы үлгідегі «Тұлпар-Тальго» вагондарымен қатынайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушыларға сапарға шығарда пойыздардың жүру кестестін анықтап алуы керек. Ол үшін вокзалдың анықтама бюросындағы 105 бірыңғай анықтама қызметі телефонына хабарласуға болады.

тақырыпты жалғастыруға «жолаушылар пойызы»