Алматының үздік оқушылары мен мұғалімдері «ЕХРО-2017» көрмесін тегін тамашалайды

Алматының үздік оқушылары мен мұғалімдері «ЕХРО-2017» көрмесін тегін тамашалайды

17 мамыр, 14:55 308 Астана
Алматының үздік оқушылары мен мұғалімдері «ЕХРО-2017» көрмесін тегін тамашалайды

Алматылық кәсіпкерлер оқушыларға, студенттерге, Алматы қаласының мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларына «ЕХРО-2017» көрмесіне арналған 1000 билет сыйлайды. «Бақытты билет» жұмыс күндерінің бірінде көрмені тегін барып көруге және заманауи технологияларға қосылуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Билеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына, сондай-ақ ғылыми жұмыстармен белсенді түрде айналысатын оқушылар мен студенттерге беріледі. Бұдан басқа, «Жыл мұғалімдері» және ғылыми жобаларға жетекшілік ететін оқытушылар көрмені тегін барып көреді», – деп атап өтті Алматы қаласы бойынша «Астана Экспо-2017» жедел штабының басшысы Самғат Ермекбаев.

Оның айтуынша, меценаттар «Астана Экспо-2017» Алматы штабына оқушылар үшін 200 билет, мұғалімдер үшін – 300 билет, студент жастар мен ЖОО оқытушылары үшін – 500 билет сатып алу бастамасымен өтініш жасады. Бір билеттің құны – 4 000 теңге.

Loading...