ЭКСПО-2017 қонақтарына 100 гид-аудармашы қызмет көрсетеді

ЭКСПО-2017 қонақтарына 100 гид-аудармашы қызмет көрсетеді

17 мамыр, 11:39 195 Астана
ЭКСПО-2017 қонақтарына 100 гид-аудармашы қызмет көрсетеді

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындық аясында Астана қаласының әкімдігінің қолға алуымен «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС елордаға келетін шетелдік меймандарға қызмет көрсету үшін гид-аудармашыларды екі айлық курстан өткізді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бағдарлама бірнеше модульден тұрды: археологиялық зерттеу, география, тарих, астана экологиясы, өнер, экономика, мұражай және экскурсиялық әдіс-тәсілдер, психологиялық аспектілер бойынша танымдарын тереңдетті.

Астанада жан-жақты оқытылып, дайындалған гид-аудармашылардың саны 100 адам. Олардың барлығы ағылшын, неміс, түрік, француз, чех және жапон тілдерін жетік меңгерген.

Әр қатысушы Қазақстан Республикасының тарихы, қоршаған ортасы, мәдениеті, экономикасы бойынша алған теориялық білімдерін жазбаша тестілеу арқылы анықтады. Сонымен қатар берілген бағыт бойынша виртуалды экскурсия жүргізу арқылы тәжірибелері шыңдалып, емтихан соңында сертификаттар табысталды.

Loading...