ЭКСПО кезінде Астанаға тәулігіне 20 мыңға жуық адам келеді

ЭКСПО кезінде Астанаға тәулігіне 20 мыңға жуық адам келеді

19 мамыр, 19:10 324 Астана
ЭКСПО кезінде Астанаға тәулігіне 20 мыңға жуық адам келеді

Үкіметте өткен брифинг барысында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру жөнінде министрлік жүргізіп жатқан дайындық жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды BNews.kz

Әкімдіктермен және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ алдын ала болжамдары бойынша көрмеге келушілердің түпкілікті саны анықталды. Шамамен 2,45 млн. адам, соның ішінде аймақтардан 1,8 млн. адам келеді.

Жалпы қалаға тәулігіне 20 мыңға жуық адам келеді деп күтілуде. Оның ішінде теміржол көлігімен шамамен 1,1 млн адам, әуе көлігімен 161 мың, тұрақты автобус рейстерімен шамамен 350 мың адам және жеке автокөлікпен 200 мың адам келеді.

Аталмыш жолаушылар ағынын тасымалдауды қамтамасыз ету үшін министрлік Астана, Алматы қалаларының және облыс әкімдіктерімен бірлескен жоспарға қол қойды. Осының аясында кешенді шаралар жүзеге асырылатын болады. Бұлар тек рейстер мен бағыттарды арттырып қоймай, сонымен қатар, көрсетілетін қызмет сапасын да көтеруге бағытталған.

Сондай-ақ, астана әуежайының жаңа жолаушылар терминалы, темір жол вокзалы және 2 автостанция пайдалануға беріледі.

Қонақтардың басым көпшілігі Астанаға теміржол көліктерімен келеді деп күтілуде. Сондықтан ағымдағы жылы маусымға дейін Астана ст. бойынша маршруттар саны 14 жолаушылар және қала маңы тасымалы пойыздарын іске қосу арқылы, оның ішінде 4 Тұлпар-Тальго вагондары бар 44-тен 58-ге дейін арттырылады. Сонымен қатар, бар маршруттарға қосымша вагондарды жалғау қамтамасыз етіледі (шамамен 150 бір.)

Тальго пойыздары: Астана-Шымкент, Астана-Маңғыстау, Астана-Атырау, Астана-Орал, басқа пойыздар: Астана-Қостанай, Астана-Жамбыл, Алматы-Астана, Алматы-Астана, Қарағанды-Астана (қала маңы), Көкшетау-Астана (қала маңы), Атбасар-Астана (қала маңы).

Бұдан бөлек, қолданыстағы вагондарға қосымша 150 вагон тіркелетін болады.

Loading...