«Қазақстан» РТРК» АҚ - ЭКСПО-2017 хост-бродкастері болды

«Қазақстан» РТРК» АҚ - ЭКСПО-2017 хост-бродкастері болды

18 мамыр, 10:32 341 Астана
«Қазақстан» РТРК» АҚ - ЭКСПО-2017 хост-бродкастері болды

Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми хост-бродкастері «Қазақстан» РТРК» АҚ болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Хост-бродкастер барлық 93 күн бойы көрме аумағынан телевидение және радио арқылы хабар тарататын болады. Барынша көп аудиторияны тарту мақсатында «Қазақстан» телеарнасы көрменің алғашқы күнінен бастап, халықаралық шара өз жұмысын аяқтағанша тікелей эфирде трансляция жүргізетін болады. Телевизиялық сигнал алдын ала берілген өтінімдер бойынша көрменің медиа орталығына, ҚМО және шетелдік ақпарат құралдарына беріліп отырады.

Күн сайын халықаралық көрме аумағында 10 және 5 камера жұмылдырылған 4 ЖТС (жылжымалы телевизия стансалары), 2 МСС (мобильдік спутник стансалары), жылжымалы кейстер базасындағы 4 ЖТС жұмыс істейтін болады. Жалпы Экспо-2017 ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыруға «Қазақстан» РТРК» АҚ барлық техникасы мен 146 техникалық қызметкері жұмылдырылады.

Айта кетерлігі, Live-режимде  шараның ашылу салтанатынан хабар таратуға бірнеше еуропалық және америкалық  арналар өтінімдерін алдын ала беріп қойды.

«Астана «ЭКСПО-2017» бродкастингін ұйымдастырудағы басты ерекшелік – тиісті аймақтық телеарналардан бастап, халықаралық телеарналардың барлығы көрмедегі «картинаны» тегін пайдалана алатын болады.

Loading...