Теміржол жолаушылары ЭКСПО көрмесіне билетті жеңілдікпен ала алады

Теміржол жолаушылары ЭКСПО көрмесіне билетті жеңілдікпен ала алады

19 мамыр, 12:18 1132 Астана
Теміржол жолаушылары ЭКСПО көрмесіне билетті жеңілдікпен ала алады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылары ЭКСПО-2017 көрмесіне билетті 45%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. 2017 жылдың 14 мамырына дейін 2 225 билет сатылып үлгерді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ресми билеттің операторы болып табылатын «Кассир Қазақстан» ЖШС-мен (Kassir Kazakhstan) іс-шараларда қатысуды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге шарт жасасты.

Билеттік кассаларда және билеттерді сатудың электрондық порталы арқылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның пойыздарына билет сатып алғандар қалауынша аталмыш көрмеге билеттерді 45%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндігі бар.

Мысалға: ЭКСПО-ға белгілі бір қойылған күн жұмыс күндеріне 1 билеттің құны 4000 тг, жол жүру билетін сатып алу кезінде – 2399 тг; Күні қойылмаған жұмыс күндері 1 билет 6000 тг - 3488 тг; Күні қойылмаған демалыс күндеріне арналған 1 билет 8000 тг. – 4569 тг.

Оған қоса «Тұлпар-Тальго» жедел пойызына арналған «Астана ЭКСПО-2017» дисконт карталарын сатып алған жолаушылар «ЭКСПО-2017» көрмесіне 1 рет тегін кіру құқығын алады.

Loading...