Қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру керек – Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшысы

4 Мая, 2018, 20:26 10273
Қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру керек – Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшысы | Обзоры | BNews.kz

ҚР Үкіметі және Ұлттық Банкпен бірлесіп, бизнес үшін қолжетімді ставкалар бойынша қаржыландыру базасын ұзарту механизмі әзірленіп жатқанын Юлия Якупбаева мәлім етті.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында Қазақстан экономикасы дамуында банк секторының рөліне арналған тыңдалым өтті. Тыңдалымға Сенат депутаттары, Ұлттық Банк басшылығы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, "Атамекен" ҚР ҰКП, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері, нарық қатысушылары – банктер мен инфрақұрылымдық ұйымдардың жетекшілері қатысты. ҚР Үкіметі және Ұлттық Банкпен бірлесіп, бизнес үшін қолжетімді ставкалар бойынша қаржыландыру базасын ұзарту механизмі әзірленіп жатқанын Юлия Якупбаева айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

"Мемлекеттің қолдауынсыз бизнеске арналған несиелеудің ставкалары әлі де жоғары. Осыған байланысты "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша айқындық енгізу өте маңызды. Өңірдегі кәсіпкерлер қаржы көздерінің тек бұрын қабылданған міндеттемелерге ғана жететінін, ал жаңа жобаларға ақша жетіспейтінін айтуда", - деді Юлия Якупбаева. 

Сонымен қатар, "Атамекен" бастамасымен Үкіметпен бірлесіп, бәсекеге қаблеттілікті арттырудың кешенді Бағдарламасы талқыланып жатыр, бұл бағдарлама аясында тұрақты сұранысқа ие импорт алмастыруға бағытталған өңдеу өнеркәсібінің 9 басым секторын қамту ұсынылады. Олар тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсібі, жиһаз, химия, фармация өнеркәсібі, машина жасау мен құрылыс материалдары.

"Мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қолдана отырып, бизнес өз міндетіне өндірісті жаңарту, оқшаулау, цифрландыруды алатын болады. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін оны қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз ету керек", - деді Юлия Якупбаева.

Кәсіпкерлікті қаржыландырудан басқа тұрғындарға несие бөлу өзекті болып отыр. Мемлекет басшысы бастамасымен енгізіліп жатқан "7-20-25" қолжетімді ипотека бағдарламасы секьюриттеу механизмін пайдаланады.

"Ипотекалық несиелеуді сатып алудан гөрі, секьюриттеудің мүмкіндігі анағұрлым кең. "7-20-25" тұрғын үй несиелеу бағдарламасы шағын және орта бизнес, сондай-ақ, бөлшек сауда банк портфельдерін секьюриттеу арқылы ұзақмерзімді қаржыландырудың тұрақты механизмін құруда пилоттық жоба бола алады", - деді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.

Сонымен қоса, бүгінгі Сенат отырысында технологиялар банк дамуындағы жаңа тетік екендігі сөз болды.

Юлия Якупбаева берген мәліметтерге сәйкес қолма-қол ақшасыз жасалған карточкалар бойынша төлемдер саны 2,2 есе артып 411 млрд теңгеге өскен. Карточкамен төлеудің жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі, алайда өңірлерде де жақсы әлеует байқалады.

"Банктар тарапынан жаңа қызмет түрлерін ұсынуда қызығушылық өсіп келеді: бейілділік бағдарламасы кеңейтіліп, онлайн-қызмет көрсету мен смартфондарды қолдану мүмкіндігі артуда. Банктар төлем карталарын пайдалануда бонустар мен кэшбекті ұсыну арқылы клиенттерді құлшындырады. Нарық үшін мүлде жаңа қызмет түрі пайда болды – сауда нүктелерінде QR-код немесе мобильді қосымша арқылы төлем жасау", - деп атап өтті Юлия Якупбаева. 

Қазақсатна қаржыгерлер қауымдастығы басшысының айтуынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің тапсырмасы бойынша Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ұсынастары 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қаржы секторын цифрландырудың кешенді жоспарының жобасы аясында әзірленуде.

"Клиенттер жайында ақпаратты қашықтықтан сәйкестендіру, биаметрияны пайдалану, қауіпсіздік пен мемлекеттік дерктер базасына қолжетімділік мәселелері. Осы мәселелрді шешу елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту, несиелеуді арттыруда қуатты серпін беріп, қызмет көрсетуде жылдамдық пен қолжемтімділікті өсіреді және алаяқтық пен шығындар салдарын азайтады", - деді Юлия Якупбаева.

Юлия Якупбаева өзінің жасаған баяндамасында қор нарығы экономика өсуіне көмектесетінін тілге тиек етті.

"Экономиканы қаржыландыру банктаремн ғана жүзеге аспауы керек. Сондықтан қор нарығын дамытуды жалғастыру керек. Осылайша секьюриттеу, қаржы жүйесіндегі тәуекелдерді басқару мәселелерін шешіп, инвесторлық базаны қалыптастыруға болады", - деп мәлімдеді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басшысы.

Сөз соңында Юлия Якупбаева трансшекаралық бәсекелестікті артуы жағдайында талаптарды күшейтудің орнына дамытуды ынталандыру керектігін атап өтті. Өнеркәсіп саясатының тиімді алгоритмін әзірлеу керек.

Ұзақмерзімді инвестициялық несиелеуді өсіру үшін тұрақты ұзақ мерзімді қорландыру базасын қалыптастыру маңызды. Оған секьюриттеу мен валюталық тәуекелдерін сақтандыру механизмдерін енгізу жөн.

"Экономикаға инвестициялар тарту тетіктерін тек банктік несиелеу арқылы шектеудің қажеті жоқ. Бизнестің түрлі категорияларына арналған қор нарығы мен тікелей инвестициялар қорынан  бастап шағын несиелеуге дейін каржыландырудың барлық каналдарының жұмыс істегені маңызды", - деп қорытындылады спикер.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшысы Юлия Якупбаева Сенат депутаттарына бизнеске арналған қаржыландырудың барлық тетігінің жұмыс істегені маңызды екенін айта отырып, банк секторының келешегі туралы баяндап берді. Спикердің баяндамасында отандық банк секторының экономика дамуындағы рөлі қозғалды.

ҚР Парламенті Сенатының отырысында қазіргі кезде экономика мен несиелеу қалпына келіп жатқаны атап өтілді.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын экономикалық жағдай айтарлықтай нашар болған. 2015 жылы курстың өзгеруі мен өзге де орын алған жағымсыз факторлар экономикалық белсенділікке теріс әсер етті", - деген пікір жиын барысында спикерлермен бірнеше рет айтылды.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының айтуынша, бүгінде елімізде несиелеу жүйесі қалпына келуде. Иа, мәселелері жиналған ескі портфель азаюда, ал 2017 жылы берілген несие көлемі 10%-ға артқан. 2015 жылмен салыстырғанда комек қарыз көлемі 15,2%-ға өсті. 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында 1,7 трлн теңге көлемінде несие берілген. Негізгі өсімді мемлекет қолдау көрсетіп жатқан – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік салаларына берілген несиелер бойынша байқалады.

"Осы ретте несиелеу деңгейі әлі де төмен екенін айта кеткен жөн. Несие портфелінің ЖІӨ-ге қатынасы тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең төмен деңгейге түсіп, 2017 жылы 28%-ды құрады, ал 2007 жылы бұл көрсеткіш 69%-ға тең болған. Бұған жалпы экономикалық жағдай, теңгеде ұзақмерзімді қаржы ресурстарының жоқтығы, жоғары ставкалар әсер етуде", - деп атап өтті Юлия Якупбаева.

Қазіргі таңда қорландыру базасы әлі қысқа мерзімді екенін ескере отырып, тұтынушылық несиелеу айтарлықтай өскен. Компанияның айналым қаражатын толтыруға несиелер белсенді берілуде. Бұл бағытта екінші деңгейлі банктер, өкінішке қарай, кәсіпкерлерге қажетті қаржыландыруды толықтай қамтамасыз ете алмай отыр. Бұған қоса бизнесмендер, әсіресе кәсіпті енді бастаған азаматтар банк талаптарына сай келмей жатады. Банк тарапынан кәсіпкерлерге деген талаптар банк қызметін реттеуді күшейту салдарынан артып келеді.

Тәуекелге негізделген қадағалау, халықаралық қаржы есептілік стандарттары бойынша  провизияларды қалыптастыру принциптері құралдары іске асып, базельдік қатаң талаптар енгізілуде. Банктер салымшылар алдында өз жауапкершілігін арттыруда, және сәйкесінше, қарыз алушылар, кепілзаттар мен тәуекелдерді бағалауға да талаптар қатаң. Осы шаралардың шоғыры әлеуетті қарыз алушылар санын азайтуы мүмкін.

olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости